М.Әуезов атындағы ОҚУ: “Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020”
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, «Химия және химиялық технология негіздері» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Кабылбекова Балжан оқу әдістемелік, ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша 2009 жылы ҚР Бж/еҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын, 2010-2011 оқу жылының нәтижесі бойынша «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік доценті» номинациациясын жеңіп алса. 2020-2021 оқу жылында еліміздің 73 жоғары орнынан 623 үміткер қатысып, 48 жоғары оқу орнынан 150 адам жеңіске жеткен, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық және ғылыми шеберлігін саралайтын «ЖОО-ның үздік оқытушысы -2020» байқауының қорытындысы бойынша тағыда жеңімпаз атанды.
Балжан Нурманқызы ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға зор үлес қосып, оқу-әдістемелік жұмыстармен ғылыми- зерттеу жұмыстарын қатар алып келеді. 2012-2014 оқу жылдарында «Нанотехнология», 2017-2019 оқу жылдарында «Металлургия» кафедраларының меңгерушісі. Сонымен қатар, 2013-2015 жылдарда ҚР Бж/еҒМ қаржыландырылған келісім шарт №238 «Жылумен қамтамассыз ету жүйесінің энергиялық тиімділігін жоғарлату бойынша иновациялық технология жасау» жобаның жауапты орындаушысы болса, 2015-2017 жылдар аралығында ҚР Бж/еҒМ қаржыландырылған грантының №3536/ГФ4 «Биологиялық және химиялық активті функциональды ионофорлар алу технологиясын жасау». Поляк ғалымдарымен бірлескен жобаның жетекшісі.
2018-2020 жылдар аралығында ҚР Бж/еҒМ қаржыландырылған грантының AP 05132579 «Сұйықты беретін көміртекті нанотүтіктердің динамикасы мен тұрақтылығы» Украина ғалымдарымен бірлескен жобаның жетекшісі болды. Зерттеу жұмысы және оның негізгі көрсеткіштері халықаралық ғылыми-ақпараттық базалық компаниялар Web jf Science және Scopusтың басылымдарына енген жоғары импакт-факторлы журналдарда ғылыми мақалалар, алыс, жақын шетелдік, халықаралық және республикалық конференциялар мен симпозиумдарда баяндама жасалынып талқыланды, 250-ден астам ғылыми еңбектері бар, соның ішінде 3 авторлық куәлік, 12 патент, 4 монография, 12- электрондық оқулық, 15- оқу кұралы, соның ішінде 11 оқу құралы РОМК арқылы өткен.
Студенттердін ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Студенттер Республикалық ауқымдағы және Таяу шетелдердегі халықаралық конференцияларда баяндамалар жасап. Таганрог қ. Ғылыми ой орталығы ұйымдастырған «XXI ғасырдың инновациялық технологиялары» білім беру саласы қызметкерлерінің VII халықаралық байқауында II орын алды. Зерттеуге қатысқан студент естелік медальмен марапатталды. Онға жуық магистрантар магистрлік диссертация қорғады. ҚР Тәуелсіздігінің 20- жылдығына орай өткізілген іс-шарада білім беру саласындағы үздік жетістіктері үшін марапатталды. Университеттің, факультетің, кафедраның оқу-тәрбиелік процестеріне және қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады.
2020 жылдың «Жоғары оқу орынының үздік оқытушысы» атағына ие болған Балжан Нурманқызы өзінің ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу жіне біліктілігін арттыру мақсатында, әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін грантқа ие болды Аталмыш конкурс жоғары оқу орнының оқытушыларына шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге зор мүмкіндік береді. «ЖОО –ның үздік оқытушысы-2020» конкурсының жеңімпазы Кабылбекова Балжан Нурманқызын шын жүректен құттықтай отырып, білім- ғылымда табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз және алда алар биік щыңдарының мол екендігіне сенімдеміз.
Сауле Полатовна НАЗАРБЕКОВА,
химия ғылымының докторы, профессор