Шеберлік сыныбы: Асинхронды сабақтардағы бағдарлама

Бүгінгі дамыған заманда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының сегізінші бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен іс – тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген. Біз осы пікірдің өзінен–ақ білім беру жүйесінің әдіс-тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз. Маңызды мәселелерді шешуде, жас ұрпаққа сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше.

Қашықтан оқыту формасы бүгінде әлемде орын алған пандемия жағдайында уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, білім беру үдерісінде жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. қашықтан оқыту – оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың өзара қарым-қатынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытуды ұйымдастырудың өзгеше түрін ұсынады. Қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру оқытылатын пән түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтитын мазмұннан; әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарын мақсатқа сай қолдануды көздейді.
№185 ЖББМ КММ-де МИФ бірлестігі онкүндігі аясында математика ғылымдары магистрлары Г.Ауэлбекова, Л.Оразбек және С.Тулеухасымның бірлесуімен “Синхронды, асинхронды сабақтарда GeoGebra, Classroom және Edpuzzle бағдарламаларын тиімді пайдалау” – шеберік сыныбы ұйымдастырылды. Шеберлік сыныбында математика сабақтарында динамикалық бағдарламалар мен ақпараттық платформалар оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сандық сауаттылығын қалыптастыруы секілді өзекті тақырыптар қозғалды. Шеберлік сабағынын басты мақсаты – оқушыларды қашықтан білім алуда аталған бағдарламаларды қолдана отырып тақырыптарды сапалы меңгеру, есептер шығару және зерттеушілікпен айналысуға дайындау.

GeoGebra.org/classic бағдарламасы геометрия (планиметрия және стереометрия) сабағында динамикалық сызбаларды жандандыру арқылы практикалық сабақтар өткізуге болады. Бұл оқушының кеңістіктік ойлау дағдысы мен шығармашылық тұрғыдан ойлайға, соның негізінде шешім қабылдауы және өмірмен байланыстыруға үйретеді. Edpuzzle ақпарттық платформасы қашықтан білім алушының жаңа тақырыпты түсінуінде, үй жұмысын орындауда, қайталау тақырыбын ұсынғанда таптырмас құрал, себебі, тек қана видеоматериалды көріп отырмай, оқушының қаншалықты дұрыс түсініп отырғандығына мұғалім тарапынан талдау жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау жүргізеді, оқушының білім алу динамикасын көрсетіп отырады.
Кез келген уақытта сол тақырыпты қайталауға және түсінуге мүмкіндік береді. Оның негiзгi функцияcы – бейне мaтеpиaлдapды өңдеу, оның ішінде тест құрастыру, ашық сұрақтар, ескертулер функциялары кіреді. Classroom арқылы мұғалім оқушылардық қалыптастырушы бағалауын автоматтардырып, оқушылармен тиімді кері байланыс орнатуға көмектеседі. БЖБ, ТЖБ жұмыстарын практикалық түрде қалай ұтымды ұйымдастыруға болатыны семинар қатысушыларына көрнекі түрде көрсетілді. Семинар қонақтары филология ғылымдары кандидаты, “Өрлеу” АО біліктілікті арттыру институтының аға менеджері Ақбота Қоңырова семинардан алған жаңа білімдердің маңыздылығына тоқталып, пікір білдірді.

Шеберлік сағатының қашықтан оқытудағы тиімділіктері ашып көрсетілгеніне, практикалық тұрғыдан семинар қатысушыларының алары мен түйгені көп болғанын айтып кетті. ГНМЦНТО математика және ақпарттандыру бөлімінің методисті Салтанат Кадырова практикалық бөлімдегі есептерді талдау арқылы өз ойын ортаға салды. Тәжірибе алмасып, пікір бөлісудің маңызы зор екенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Басқосу соңында біздің білім ордасының директоры Данагул Кержикеева сөз сөйлеп, қашықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушының білім деңгейін көтеруге бағытталғанын жеткізді.

Линар ОРАЗБЕК,
№185 жалпы білім беретін мектептің
математика пәні мұғалімі, Алматы
қаласының Алатау ауданы