Қазақ тілі мен әдебиеті: Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту
“Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу –өнер». Қазақ халқының қанатты сөзі. Жаңартылған білім мазмұнынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. «Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», – дейді Жүсіпбек Аймауытов.

Мақсат – оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой – өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан – жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми – зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту мынадай міндеттерді қамтиды: жан-жақты әдістемелік шеберлік тұрғысынан ізденіс жасай отырып, бағдарламада көрсетілген сағат аясында тақырып бойынша мүмкіндігінше мағлұмат қарастыру; сабақ барысында оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру; қазақ тілі мен әдебиет сабағы арқылы оқушыларды эстетикалық әсерге бөлендіру; әдеби шығарма, ондағы идея, кейіпкер болмысы, ақындық толғау, суреттеу орамдарына орай ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, халықтық дәстүрді, ұлттық салт-сананы біліп өсуге тәрбиелеу, ықпал ету; оқушыларды адамгершілікке баулу, эстетикалық тәрбие беру; оқушының бойына жақсылық пен ізгілік негізін сіңдіру; шәкірт санасына асқақ арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық қасиеттерін ұялату.
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: өз жұмысымда мен жаңа технологиялардың элементтерін пайдаланып жүрмін. Соның ішінде АКТ пайдалану, СТО технологиясы, Блум технологиясы. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. жәрдемдеседі.Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады», – дейді В.Сухомлинский.
АКТ пайдалануда көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық презентациялар, слайд, видео, интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер. Олар сабақты түрлендіреді және қызықты етеді, балаларды да әр түрлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді. Презентация жасау, материалдарды таңдап алуда, презентацияның құрамын ойластыруда, оларды түрлендіруде мұғалімнен үлкен дайындық қажет етеді. Атап айтсақ, білімді толық меңгерту әдістемесінде мұғалімнің жұмысы мынадай жүйеде құрылады.
Және жекелеген оқушылардың тақырып бойынша оқу материалын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы; оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы; кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі; мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі; оқушыларға оқу материалы зерттеу жұмысы негізінде берілуі; оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және кері байланысты ұйымдастыру.
Міне, осы бағытта қазіргі білім беру жүйесінде жеке тұлғаға бағытталған оқытудағы тәсілді енгізу болып отыр.Бұл бағдарламаның ерекшелігі топтық жұмыс жасай отырып, бала өзін еркін сезінеді, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым –қатынас орнайды және оқушылардың өзінің тұлғалық маңыздылығын сезінуі, өзін көрсете білуі мен өзіне деген сенімділігі артады. Жаңартылған білім мазмұнының мұғалім мен оқушыға берері көп. Бірақ осы бағдарламамен жұмыс жасайтын мұғалім ретінде айтарым, кез келген сабақта ұлттық болмысымызды ескеруіміз қажет.
Мағжан: “Ұлт тәрбиесі баяғыда сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан,әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті,-“. “Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару”,-деу арқылы Мағжан тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сын тұрғысынан ойлау әдісін өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған әдіс. Сабақта сын тұрғысынан ойлау әдісінің стратегияларын пайдалана отырып, оқушылардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым.

Әрбір стратегия оқушылардың терең ойлауына және шарықтау қиялына негізделіп келеді.Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі бойынша жоспарланған сабаққа қалған модульдерді еркін енгізуге болады деп есептеймін. Оқушылар сабақты қалай оқу керектігін меңгереді және дағдыланады. Яғни метатаным пайда болады. Өздері ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер-оқушы. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады.
Менің әр сабағым диалогқа құрылды.Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасында диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз- оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады.
Ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Әсіресе, «Блум таксономиясы» бойынша сабақ жоспарын жасап, оқушылардың сабақта ойлау деңгейіне арнап сұрақтар, тапсырмалар беруім және тапсырмада мұғалім қандай әрекет жасайды, оқушы берілген тапсырманы қалай орындайды, орындауда оқушылар қалай және қандай критерийлер бойынша бағаланады деп күнде кері байланыс жасау сабақтың жақсаруына жағдай туғызды. Сабақтың мақсатынан бастап кері байланысқа дейін барлық кезеңдерде оқушылардың пікірімен санасып, ойын есепке алып отырамын.
Оқушылардың сабақты өздері ізденіп, ойлау мен бірлесіп талдау арқылы білім қоры ұлғайды.Оқушылар кері байланыс жасауды үйренді. Сабақ бойынша өз пікірлерін және сыни ойлау деңгейінің қаншалықты артып отырғанын анықтау мақсатында сабақта «ББҮ» стратегиясы, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Күнделік жазу» арқылы кері байланыс жасап отырамын. Күнде рефлексия жасау оқушылардың пікірлерін дәйектеп,ойларын орамды, сөздерін сыни тұрғыда көрсетіп жазуға дағдыланды. Әр сабақтан кейін оқушылардың рефлексиясын мұқият зерттеп, келесі сабақта ұсыныстарын ескеріп, түзетулер енгізіп отырамын.
Әсіресе, «Блум таксономиясы» бойынша сабақ жоспарын жасап, оқушылардың сабақта ойлау деңгейіне арнап сұрақтар, тапсырмалар беруім және тапсырмада мұғалім қандай әрекет жасайды, оқушы берілген тапсырманы қалай орындайды, орындауда оқушылар қалай және қандай критерийлер бойынша бағаланады деп күнде кері байланыс жасау сабақтың жақсаруына жағдай туғызды. Сабақтың мақсатынан бастап кері байланысқа дейін барлық кезеңдерде оқушылардың пікірімен санасып, ойын есепке алып отырамын. Оқушылардың сабақты өздері ізденіп, ойлау мен бірлесіп талдау арқылы білім қоры ұлғайды. Оқушылар кері байланыс жасауды үйренді.
Сабақ бойынша өз пікірлерін және сыни ойлау деңгейінің қаншалықты артып отырғанын анықтау мақсатында сабақта «ББҮ» стратегиясы, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Күнделік жазу» арқылы кері байланыс жасап отырамын. Күнде рефлексия жасау оқушылардың пікірлерін дәйектеп,ойларын орамды, сөздерін сыни тұрғыда көрсетіп жазуға дағдыланды. Әр сабақтан кейін оқушылардың рефлексиясын мұқият зерттеп, келесі сабақта ұсыныстарын ескеріп, түзетулер енгізіп отырамын. Мұғалім өзінің оқыту оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүрсе, оқушылардың да білім деңгейі көтеріледі.
Оқушылардың жетістіктерін көре отырып, алға ұмтылуға бағыт –бағдар беру, сыныптағы жағымды ахуал мен еркіндік және интерактивті жұмыс түрлері, дарындылықты даралау, әр баланың жеке ерекшеліктеріне көңіл бөлу арқылы өзін-өзі реттейтін оқушыға айналдыру үшін кері байланыс жасап отыру қажет.Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында.
Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық. Бала оқыту жүйесінде мұғалімдерге үлкен міндет жүктелетіні айдай анық. Сол міндетті абыроймен атқару үшін күнітүні іздену, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді барынша колледж өміріне ендіру – ұстаздар үшін парыз.
Сонда ғана Елбасымыз айтқандай озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құра аламыз деп ойлаймын. Сондықтан, ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса» деген қанатты сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Гузель Касимжановна ТУРГАНОВА,
Шелек политехникалық колледжінің қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, үшінші
курс ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист
машинисті тобының кураторы, Алматы
облысының Еңбекшіқазақ ауданы