Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны

Биылғы қаңтар айының 18-28 күндері аралығында қазақ тілінен өзге ұлт өкілдері болып табылатын 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық олимпиадасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Қашықтан өткен олимпиаданың алғашқы кезеңіне 9 579 оқушы қатысып, олардың 145-і қорытынды кезеңге жолдама алды. Олимпиада қорытындысы бойынша 53 қатысушы жүлдегер атанды. Бірінші дәрежелі дипломдармен тоғыз оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен – 16 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен – 28 оқушы марапатталады. Олимпиада жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий