Жамбылдық оқушы республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

Жергілікті оқушылар қазақ тілін үйренуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты XV республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Дарын» республикалық орталығының ресми сайтында қазақ тілінен 5-10 сынып оқушылары арасында өткізілген байқауға өңірден 422 оқушы қатысып, бақ сынады. Бірінші тур қорытындысы бойынша облыстың 10 оқушы білім байқауының екінші кезеңіне жолдама алды. Бұл кезеңде оқушылар лексика-грамматикадан отыз тапсырма, оқу сауаттылығынан 30 тапсырма орындау қажет болды.

Олимпиада нәтижесінде бірінші дәрежелі дипломмен Тараз қаласындағы №23 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жусувалиева Елена және №1 гимназиясының 9 сынып оқушысы Бариев Султан марапатталды. Үшінші дәрежелі дипломмен Тараз қаласындағы №23 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Матаева Умутай, Жамбыл ауданы В.Чкалов орта мектебінің 5 сынып оқушысы Закирахунова Даяна және осы мектептің 5 сынып оқушысы Ахметов Самир марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий