Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде басқарудың тиімділігі


Білім басқармасы мен Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде басқарудың тиімділігі» тақырыбында жеке мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтеріне арналған семинар ұйымдастырылып, бұл шараға барлығы 63 педагог қатысты, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі.


Семинар барысында Орал қаласының №34 «Балбұлақ», №50 «Заңғар» бөбекжайларының іс-тәжірибелері ұсынылды. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыруда, құрылымдау дағдыларын дамытуда STEAM технологиясын қолдану әдіс-тәсілдері, оқу қызметтері, шеберлік сыныптары көрсетілді. Білім басқармасы басшысы А.Мыңбаевамен «Сұрақ-жауап» айдарында сұхбаттасу жүргізілді.


Облыс бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің жасөспірімдер мен балалар гигиенасы бөлімінің басшысы Г.Наурзалина «Карантин кезіндегі санитарлық–эпидеомиологиялық талаптар» бойынша баяндама жасады, Bilimland Group маркетинг департаментінің мамандары «Bilim kids. Мектепке дейінгі ұйымдарында қашықтан оқыту жүйесі» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласының педагогтеріне, тәрбиеленушілері мен ата-аналарына арналған оқыту платформасын кеңінен насихаттап, қолдану жолдарын түсіндірді.


Сонымен қатар білім басқармасының мамандары тарапынан «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру», «Педагогтерді аттестаттаудың ерекшелігі», «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру тәртібі», «Ұлттық білім беру деректер қоры: нұсқаулық және толтыруы» тақырыптары бойынша нормативті құжаттарды басшылыққа алып жұмыс жүргізу, педагогтерді аттестаттау, мемлекеттік білім беру тапсырысы, ұлттық деректер қорын толтыру бағытындағы сұрақтарға жауап беріліп, түсіндірме ақпараттар ұсынылды.


Загрузка...