Абыройлы азаматтың асуы
Шелек политехникалық коллледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ТУРГАНОВ Изимжан ақпан айының 8-і күні, яғни адам өмірінің ең бір асыл кезі, асқар белі – 60 жасқа толуда. Саналы ғұмырында жеткен жемісті еңбек баспалдақтары әріптестері, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.

Өнегелі өмір жолындаталай белеске шығып, құрметке бөленген жайсаң жан еңбексүйгіштігімен, адамгершіліктің туын жоғары ұстаған нағыз адами қасиеттерге ие тұлға.
Бүгінгі күн – бөлектеу күн, маңызды,
Маңыздысы – бүгін туған жан ізгі!
Алпыс мәрте Күнді айналған жұмыр Жер,
Сізге бақыт тілеп тұрған тәрізді.
Құрметті Изимжан Абдикеримович! Сізді асқаралы алпыс жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Адамсыз ғой үлгі болар талайға. Жақсылықты өзінізден көп көрген, Ұмытпайды туған-туыс қалайда! Үлгі болған үлкенге де жасқа да, Сыйлар сізді туған-туыс, басқа да. Бақытты боп бұл өмірде мәңгілік, Қуатыңыз таусылмасын жүз жаста да!
Алпысты халқымыз тал түс дейтін тәмсіл бар. Алдағы уақытта биік белестерді бағындыруыңызға тілектеспіз. Сізге жарқын да мағыналы өмір, көтерінкі де кіршіксіз көңіл, деніңіздің саулығын, отбасының амандығы сенімді серік болсын! Мәнді де мағыналы ғұмыр кешіп, ыстық ықыласы мен құрметіне, ризашылығына бөлене беріңіз. Абыройыңыз асқақтай берсін!
Ұжым атынан ізгі ниетпен – әріптестеріңіз
БАЙТОРИЕВА Бибінұр Алтановна мен КУЛБАЕВА
Райхан Смағұловна, Алматы облысы