Балалардың бал мекені

Қазіргі таңда халықтық педагогикаға сәйкес  қарапайым еңбек дағдыларын бала санасына жастайынан орнықтыратын алғашқы тәлім-тәрбие баспалдағы – балабақша. №11 «Ертөстік ясли-бақшаның» негізгі міндеті қазақ халқының дәстүрлерін меңгерген, дені сау, ақылды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Балабақшаның педагогикалық ұжымы алғашқы күнінен бастап, атқарылатын жұмыстарын жеке тұлғаның адамгершілік сапаларын тәрбиелеуді сұлулық пен сымбат тәрбиесіне негіздеу тақырыбына бағыттаған. Ұлтымыздың үміт күткен болашағы,  ата дәстүрін жалғастырушы  мұрагері   қазіргі  сәби  – жаны сұлулық пен сымбаттылыққа, пәктік пен ізгілікке, ұлттық өнерге бейім, қыз инабаты, жігіт сұлтандығы сияқты  мінез сапаларын  бойына тұмар етіп сіңдіру әрбір ата-ананың, бүкіл педагог қауымның үлкен мүддесі.

Осы орайда, оқу-тәрбие мекемесінде, заманауи талаптарға сай, жаңа технологияларды қолдана отырып ұлттық тәрбиені енгізудің тиімді әдістерін қолдану бала тәрбиесінде нәтижелі жемісін беретінін әдістемелік жұмысынан байқауға болады. Бала тәрбиесінің осындай жүйеде ойластырылуы ата-аналар және қала педагогтары тарапынан үлкен қолдау көріп, жұмыс тәжірибеміз қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі түрлі конференциялар, семинарлар мен педагогикалық оқуларда насихатталды. Балабақша мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі арқауы. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіретін білім ұясы.

Осы білім ұясына ашылғанына  бүгінде он жыл толып отыр. Негізі қаланғанына біраз уақыт болған балабақшаның ауыз толтырып айтарлық жетістіктері де мол. – Бүгінгі күні мектепке дейінгі орталықта ұлттық бағытта тәлім мен тәрбие берілуде. Балалардың бойына алғашқы білім мен тәрбие сіңіруге аянбай еңбек ете береміз, өйткені, мемлекет оған барлық жағдайды жасап берді, – дейді әріптестрдің әрқайсысы. “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” – дегендей, педагогтардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіруде, бағыт пен бағдар беруде меңгерушіміз Дурбаева Салет Казырбековнаның ұйымшыл ұжымға көрсеткен үлгілі ұлағаты мен тағлымы орасан зор.

Ұстаз  – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік қасиеттерін баланың бойына дарытуға бар саналы ғұмырын арнайтын жандардың бірі. Жас жеткіншектердің бойына ұлттық өнерді бейімдеп, қыз инабаты, жігіт сұлтандығы сияқты мінез сапаларымен байыта бастаған парасатты педаготарымыз бар. Гульмира Турдыакыновна, Күміс Мұхтарбековна, Назгуль Ашкеновна, Жаңылтай Кеңесбекқызы, Гульмира Амангазыевна, Гульмира Абуқызы, Гүлім Жеделбекқызы, Жұлдыз Бейсембековна, Гаухар Жумагалиевна, Самал Талғатқызы, Гульмира Халелевна, Арай Амангалиевна, Гүлшат Маулетовна, Руслан Бигазыевич сияқты озат тәлімгерлердің ортақ іске қосқан үлестері жетерлік. Ұйымшыл ұжымымызға жемісті жетістіктер тілейміз. Тәрбиеленушілер биік шыңдардан көрініп, ерен еңбегіміз ақтала берсін.

№11 “Ертөстік” ясли – бақшасының ұжымы,
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий