Үздік оқытушы: Х.Досмұхамедов университетіндегі бестік
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің бес оқытушысы ресубликалық «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы-2020″ жеңімпазы атанды. Бұл байқауға еліміздің 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысып, 48 оқу орнының 150 оқытушысы үздік ретінде танылған болатын, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Биылғы сынақтың ұйымдастырылуында көптеген маңызды ерекшеліктер байқалды. Пандемияға байланысты конкурсқа құжаттар тапсыру электронды түрде жүргізілді. Құжаттарды тіркеу де және оның нәтижесіне байланысты апелляцияға тапсыру да онлайн режимде дедлайн мерзімдері сақтала отырып, министрліктің электронды ақпараттық жүйесінде жүргізілді. Байқаудың әрбір кезеңінде үміткерлердің жинаған балдары автоматты түрде ақпараттық жүйеде жарияланып, конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерін онлайн режимде бақылай алды.
Загрузка...Өздерінің іскерлігі мен көп жылдық тәжірибелерінің нәтижесінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі экология кафедрасының меңгерушісі, тех.ғ.к. Есенаманова Мансия Санаққызы, есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы Канатова Айнур Жұмабайқызы, программалық инженерия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тех.ғ.к. Махатова Валентина Еркінқызы, математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тех.ғ.к. Мырзашева Айгүл Нармағанбетқызы, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Шаяхметова Жанна Бекболқызы үздіктер қатарынан орын алды. Жеңімпаздар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.