ЖМЦ пәндері: Ағылшын тілінде оқытуда қолданылатын тиімді платформалар

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білімдерін тереңдетуге жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп ашуына, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін ең бір қажеттілік. Мектеп оқушылары халықаралық олимпиадаларға ЖМЦ пәндерінен көптеп қатысуда.  Ал осы олимпиадалар мен ғылыми жобалар ағылшын тілінде қорғауды қажет етеді. Көп жағдайда ЖМЦ пәндерін жақсы меңгерген оқушылар ағылшын тілін жетік білмегендіктен осындай мүмкіндіктерге қол жеткізе алмай жатады.

Осы кедергілерді жою мақсатында, мектепте өтілетін пәндерді үш тілге негіздей отырып өткізген тиімді. Осыған орай елімізде ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер курстан өтіп, қазіргі уақытта білімдерін өз тәжірибесінде қолдануда. Қазіргі оқыту үдерісінде  – жаратылыстану-математикалық, химия-биологиялық пәндерді ағылшын тілінде оқытып, ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үлкен мәселе болып отыр. Ағылшын тілінде ЖМЦ пәндерін оқытудың себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан мағлұматтар алатынын түсіндім.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру шет тілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуынан  көрінеді. Сонымен қатар, химия пәнінің мұғалімі ретінде химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Химия пәнін ағылшын тілінде оқыту курсын 2016-2018 жылдары аралығында оқыдым.

Өз ана тілінде оқушыларға күрделі болып келетін пәнді, енді ағылшын тілінде қашықтан оқыту жағдайында түсіндіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру үлкен мәселе болды. Сол мәселені шешу жолында көп ізденіп, айтарлықтай шешімін таптым десем де болады. Ең бірінші, қазіргі кезде оқушылардың қызығушылығы компьютер ойындарында екенін ескере отырып, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту барысында тиімді платформаларды қолдану керек екендігін ұғындым. Ағылшын тілін меңгеру мақсатында қолданылатын платформалар – duolіngo.com, lingualeo.com, dictionary.cambridge.org. Осы платформа арқылы ағылшын тілін бастапқы деңгейден бастап жоғары деңгейге дейін меңгеруге болады.

Екінші қолданатын платформалар – learningapps.com, educandy.com, edpuzzle.comwww.classcraft.com, padlet.com, www.memrise.com, b.socrative.com, jeopardylabs.com.  Осы платформа арқылы барлық ЖМЦ пәндерінде ағылшын тілінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ақпарат беруге болады. Үшінші қолданатын платформа химия пәнінен chemistry.pro қосымшасы. Қосымшаны әр оқушы өз смартфонына playmarket-тен тегін жүктей алады. Оқушыларға осы платформа арқылы қосымша тапсырма беруге болады. Платформаның ерекшелігі химия пәнінен элементтер жайлы, ғалымдар жайлы, химия пәнінен анықтамаларды осы платформадан оқуға болады.

Мектептерде көптілді білім бере отырып тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс.  Жалпы пәнді үш тілде оқыту қазіргі кезде көп қолдауға ие болып отыр. Бұл қажеттіліктен туындады. Еліміздің көптеген мектептерінде пәндерді ағылшын тілінде жүргізу жүзеге асырылуда. Осының барлығын негізге ала отырып ЖМБ пәндерін қашықтықтан оқыту барысында тиімді патформаларды қолдануды пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде үйретудің маңызы да зор деп ойлаймын.

Жұлдыз Біржанқызы УСИМБАЕВА,
Мұсабек атындағы мектепке дейінгі шағын
орталығы бар орта
мектеп директорының
әдістемелік ісі 
жөніндегі орынбасары және
химия пәнінің мұғалімі, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий