Батысқазақстандық оқушылар республикалық олимпиададан жүлдемен оралды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының бастамасымен ұйымдастырылған мемлекеттік тілдің рухани дамуын, қазақ тілін үйретуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, әрі қарай дамыту мақсатындағы қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында «Тіл- мемлекет тәуелсіздігінің нышаны» атты ХV республикалық қашықтық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім бәйгесі екі кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңінде біздің аймақтан 223 өзге ұлт оқушылары қатысып бақтарын сынаса, қорытынды кезеңге 10 оқушы жолдама алды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша үшінші дәрежелі дипломдармен Бәйтерек ауданы, Қ.Ахмиров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешенінің 7 сынып оқушысы Сейфуллина Дильназ, Бөкей Ордасы ауданы М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретен мектебінің 6 сынып оқушысы Валиданов Мухаммедали, Орал қаласы № 31 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Звекова Миланалар марапатталды.
