Мединаға АҚШ-тың қос жоғары оқу орны шақырту жіберді

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Медина Нарманова Америкадағы екі университетте білім алу мүмкіндігіне ие болды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, жас зияткер әлемдегі топ жоғары оқу орнының қатарына енетін Алабама Университетінің президенті тағайындаған жүз пайыздық оқу грантын иеленді. Сондай-ақ, Иллинойс Институты де түлегімізге 50 % оқу гранты мен стипендия беруге дайын екендіктерін жеткізді.

Бұл қос білім ордасында «Бизнес менеджмент» мамандығы бойынша оқуға құжат тапсырған Медина алдағы уақытта тағы бес жерден жауап күтіп отыр екен. Айта кетейік, биыл мектептен 95 оқушы түлеп ұшқалы отыр. Бүгінде олар қалаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарының конкурстық іріктеуіне құжат тапсырып, бақтарын сынауда.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий