ҰБТ-ға Online дайындық сабақтары ұйымдастырылуда

Облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен білім сапасын көтеру, оқушылардың бағдарламадан артта қалу деңгейін теңестіру мақсатында 2021 жылдың қаңтар – мамыр айлары аралығында мектеп түлектеріне ҰБТ-ге дайындық жұмысына арналған Online консультациялар жүргізілуде, – хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған Online сабақтар дүйсенбі – сенбі күндері аралығында Zoom платформасы арқылы өткізіліп, оған 5626 оқушы қатысып, білімдерін шыңдауда. Оқушыларға М.Өтемісов атындағы БҚУ, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ мен «Достық», «BILIM» білім орталықтарының педагогтері, республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, «Озат тәжірибелі педагогтері» тартылып, білім беруде.
Загрузка...Сонымен қатар мектептерде 9,11 сынып оқушылары үшін бес оқушыдан құралған арнайы топтарға (облыс бойынша 8564 оқушы) жеке жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, мұғалімдер телеграмм каналында әр пән бойынша чаттар ашып, оқушылардан келіп түскен сұрақтар бойынша жауап беріп, білімдерін шыңдауға көмектесуде. Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен педагогтер арасында тәжірибе алмасып, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында пән мұғалімдері үшін әдіскерлер озат тәжірибелі мұғалімдердің қатысуымен сенбі күндері онлайн режимде оқушыларды қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындауға «СЕНБІЛІК МЕКТЕП» жұмысын жүргізуде.