Оман Сұлтанатының елшісі Мұхаммед бен Абдулла бен Салих әл-Бахрани зияткерлік мектепке келді

Оман Сұлтанатының Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед бен Абдулла бен Салих әл-Бахрани Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Зияткерлік мектептер желісімен, басты ұстанымдарымен, оқу бағдарламасы мен тәрбие жүйесінің ерекшеліктерімен, NIS-тің әлеуметтік жобалары мен  қосымша өткізілетін элективті курстармен таныстырды. Дипломатқа арнап мектепте кампус-тур  ұйымдастырылды. Құрметті қонақ  мектеп кітапханасын, оқу кабинеттерін, NIS Hub технопаркін аралады.

Мектеп директоры Мейрам Жакенов  Елші мырзаны  оқушылардың техникалық шығармашылығын дамытуға арналған NIS Hub зертханаларымен таныстырды. Мектеп басшысы Зияткерлік мектеп оқушыларының роботтар құрастырып, компьютерлік бағдарламалар жазатыны жайлы, электрондық қондырғылар жасап, бейнетаспаға түсіру негіздерін меңгерумен қалай айналысатыны, физика және биохимия зертханаларында тәжірибелер жүргізіп, қандай ғылыми жобалар жазатыны туралы айтып берді. Жоғары мәртебелі Мұхаммед Абдуллах әл-Бахрани омандықтардың NIS-пен ынтымақтастықты дамытуына үлкен қызығушылығын білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий