Жұбан Молдағалиев шығармалары триптих өнерімен әрленді

«Ұлы Дала ақындары» жобасы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар арасында шығармашылық байқау болып өтті. Сайыс шартына сәйкес қатысушылар жауынгер ақын шығармаларынан триптих картина салған, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Триптих – бейнелеу өнерінде жалпы тақырыбы, сюжеті немесе композициясы бойынша біріктірілген үш картина, рельеф я болмаса сурет туындысы болса, зияткерлер мұны шығармамен астастырып ұлттық болмысымызды көрсететін өнерлерімен жеткізе білген. – Байқаудың мақсаты – Жұбан ақын шығармаларын насихаттау, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, бос уақыттарын пайдалы ету және өнерге деген талғамдарын қалыптастыру. Олар тек сурет салып қоймай, сол шығарманы оқып, мазмұнын түсініп, көркем туынды етіп шығарды, – дейді жоба координаторы Гүлзат Шынтасова.

Өнер пәні мұғалімдері және тіл мамандарынан құралған әділ-қазылар оқушылардың шығармашылығын жоғары бағалады. – Өте әдемі жұмыстар дайындалған. Алдағы уақытта бұл туындыларды республикалық және халықаралық сайыстарға қатыстыруға болады. Сол себепті оқушылардың өнері, креативтіліктері маған ерекше ұнады, – дейді өнер пәнінің мұғалімі Мөлдір Теңізбай. Сайыс қорытындысы бойынша «Әл-Фараби» шаңырағы оқушысы Сания Мұратова І орынды, «Әйтеке би» шаңырағы оқушысы Әлтайыр Төлеген ІІ орынды, «Байқоңыр» шаңырағы оқушысы Хегай Марк ІІІ орынды иеленді.

Айта кетейік, картиналарда Жұбан Молдағалиевтің «Өлкем жайлы ойласам», «Сағындым, Жайық», «Күз», «Ана сөзі», «Мен – қазақпын», «Қызыл галстук» сынды өлеңдері мен поэмалары суреттелген.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий