БҚО: “Шабыт” балалардың шығармашылық орталығы ашылды

Зашаған кентінде қалалық білім беру бөлімінің жанынан «Шабыт» балалар шығармашылығы орталығы ашылды. COVID-19 инфекциясының жаппай таралуын болдырмау мақсатындағы шектеу шаралары кәсіпкерлік саласы қызметіне айтарлықтай ықпалын тигізіп, рестораторлардың да кәсібі жылдан астам уақыт тұралап қалған еді, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мемлекет сын-сағатта кәсіп иелеріне бизнесті қайта жандандыру мәселесін шешуде жұмыс бағытын өзгертуді ұсынған болатын. Зашаған кентіндегі «Той сарайы» мейрамханасы әлеуметтік нысан ретінде жасақталып, «Шабыт» балалар шығармашылық орталығы болып қайта ашылды. Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, кент әкімі Аққали Әубекеров, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова, ардагер ұстаз Үзілдік Елеубайқызы орталықтың ашылу салтанатына қатысып, шығармашылық алаңының мүмкіндігімен танысты.

Мейрамхананы білім ордасына айналдырудағы мақсат пандемия жағдайында мектеп оқушыларының қосымша біліммен қамтылуын көздесе, орталықтан 14 түрлі үйірме жұмысы іске қосылып, балалар жаңарған нысаннан білім алуды бастайды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий