Колледждегі қашықтан оқыту: Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың маңызы

Біздің арнаулы білім беру ұйымы да пандемия кезеңінде студенттерге қашықтан оқыту платформасын қолдану арқылы білім беруде. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» (14.03.2020 ж, №108) бұйрығына сәйкес қашықтан оқыту режимін сәтті ұйымдастыруда. Колледж әкімшілігі жаңа жүйеге өту кезінде туындаған барлық қиындықтарды жеңе білді.

Оқу-әдістемелік үрдіс сапасының басты шарттарының бірі оның оқу-дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілуі. Қашықтан оқыту режиміне көшу барысында электрондық білім беру ресурстарының жетіспеушілігі айқын болды, бұл модульдер/пәндер бойынша видео сабақтарды құруға әкелді. Сонымен қатар, қашықтан оқытуды оқу үрдісіне енгізу барысында бірқатар проблемалар мен қиындықтар қатар жүрді. Компьютерлік сауаттылық қашықтан оқытуға қатысатын барлық адамдар үшін қажет.

Қашықтан оқыту режиміне көшу барысында электрондық білім беру ресурстарының жетіспеушілігі анықталды және бұл жағдай модульдер/пәндер бойынша видео сабақтарды жасақтауға әсерін тигізді. Оқыту платформасында курстарды жасау бойынша арнайы пәндер оқытушылары нұсқаулық видеолар жасады.  Мұның бәрі оқытушыдан жеткілікті күрделі білім мен дағдыларды, арнайы және жеткілікті дайындықты талап етеді. Қашықтан оқыту технологиясын қолдана отырып оқытудың осал тұстарын жою үшін виртуалды кеңістікте білім алушының ынтасы мен қызығушылығы үлкен рөл атқаратынын ескеру қажет болды.

Оқу процесін оңтайландырусыз ақпараттық және психологиялық-педагогикалық сияқты ең озық және алдыңғы қатарлы технологиялар да керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан сапалы және қол жетімді білім алу үшін қашықтан оқыту жүйесін оқу процесіне енгізу жеткіліксіз, оқытушылардың шығармашылық көзқарасы, оқытушылар мен студенттердің ұйымдастырылған ұжымдық жүйесін құру қажет болды. Электрондық цифрлық білім беру ресурстарын құру бойынша ұжымды дұрыс ұйымдастырылғаны және үйлесімді жұмысың нәтижесінде YouTube видеохостингінде колледждің «TJPK stories» арнайы арнасы құрылды.

Сонымен қатар “Talap” коммерциялық емес акционерлік қоғамының сайтында жарияланған цифрлық білім беру ресурстардың, оқулықтардың, оқу құралдарының, әдебиеттердің, әдістемелік ұсыныстардың көмегі өте зор. Бүгінде оқытушылар платформадағы теориялық, практикалық сабақтардың мазмұнын сапалы толтыру оны ұйымдастыру бойынша көптеген жұмыстар атқарды. Аралық аттестаттау материалдары (тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары, практикалық және шығармашылық тапсырмалар) әр оқу пәнінің және (немесе) модульдің жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары негізінде жасалады.

Барлық әзірлемелер жалпыға қол жетімділік үшін қашықтықтан оқыту платформасында алдын-ала орналастырылған. Платформада «Оқу-әдістемелік жұмыс» курсы жасалды, оған оқытушыларға арналған барлық материалдар жүктелді және осы аралықтағы барлық құжаттар салынды. Қашықтан оқыту барысында оқу-әдістемелік жұмысы жоспар бойынша жүріп жатыр, осы аралықта «Үздік медиа-сабақ», «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы» және тағы да басқа ішкі шараларымыз ойдағыдай ұйымдастырылуда.

Осы мәселелердің бәрі шешілді, қашықтан оқыту жүйесі жойылғаннан кейін нәтижелері айқын болады. Шынында да, қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту дәстүрлі оқу процесінің негізін өзгертуді және педагогикалық қызметтегі қағидалар мен әдістерді қайта қарауды талап ететін оқытуды ұйымдастырудың қарапайым нысаны болып қана табылады. Толыққанды қашықтан оқыту қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау деңгейін көтеруі мүмкін!

Эльмира Саулехановна НУРМАГАНБЕТОВА,
Теміртау жоғары политехникалық колледжі
директорының ғылыми және оқу-әдістемелік
жұмыстар бойынша орынбасары, Қарағанды облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий