Мектептен тыс жұмыс орталығының жемісті жетістігі

«Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы – балалар мен жасөспірімдердің  шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыратын, болашақ мамандығын таңдауға, жан-жақты дамуына  жағдай жасайтын алаң. Биыл бұл ұжымның ұйымдастырылғанына жиырма жыл. Мерейтойлық кезеңде қамтылған қатысушылардың саны үш мыңнан астам баланы құрап отыр.

«Жұлдызды апта» көрмесінде шәкірттердің жетістіктері көрсетіліп, инстаграм әлеуметтік жесіліндегі арнасында жүктелді. «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы ашылғаннан білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналды. Орталықта 110 педагог жұмыс істейді. Олардың кәсібилігі мен балаларды қызықтыру қабілеттерінің арқасында, тәрбиеленушілер бос уақыттарын қызықты да тиімді өткізіп, спорт пен өнерге көп көңіл  бөле білді. Мұның бәрі жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, жас ұрпақтың белсенді шығармашылық ұстанымына ықпал етті.

Бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдер үшін он бағыт бойынша 116 үйірме мен студиялар өз қызметтерін атқаруда: Атап айтсақ, туристік өлкетану, сәндік-қолданбалы, көркем эстетикалық, әлеуметтік педагогикалық, техникалық модельдеу, жаратылыстану математикалық, экологиялық, тілдік және спорттық. Қала мектептерінде спорттың жиырма түрі бойынша (волейбол, футбол, баскетбол, бокс, каратэ, қоян-қолтық ұрыс, қазақ күресі, дзюдо, самбо, еркін күнес, президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, оқ ату, шорт-трек, спорттық құзға шығу, жаяу жүргіншілер туризмі, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату) спорттық үйірмелер жұмыс істейді.

Оқушыларды білікті қосымша білім беру педагогтары  жаттықтырады. Көкшетау қаласының шағын аудандарында «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының бес балалар аулалық клубтары («Балдаурен», «Мұрагер», «Жұлдыз», «Қайнар» «Мирас») ұйымдастырылған. Облыс орталығындағы Достық үйінің қолдауымен «Әулет» орталығында «Шаңырақ» тілдерді оқыту клубы он жылдан бері қатысушыларға қызмет көрсетіп келеді. Педагогтар тақырыптық сабақтарында жас ұрпақты елімізегі түрлі этностарының ұлттық мәдениетіне, салты мен дәстүріне баулитындықтан, олар ана тілдері мен елтануды үйренеді.

Сондай-ақ қосымша білім беру педагогтары Красный яр ауылының білім беру ұйымдарындағы үйірмелерді  өткізеді. 2020 жылдан бастап орталық базасында мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі қабілеттерін ашуға көмектесетін «Зерек» ерте дамыту студиясы жұмыс істейді. Біздің ұжымға «Жас Ұлан», «Жас Ұрпақ» балалар қоғамдық бірлестіктерінің, жол қозғалысының жас инспекторлардың, жас құтқарушылардың, Қазақстан халқы балалар мектеп Ассамблеяларының жұмыстарын үйлестіру жауапкершілігі міндеттілген. Қосымша білім беру – жас адамға балалық шағын толыққанды өткізуге көмектесетін ерекше шығармашылық ел, ал қосымша білім  беру  мұғалімдері  осы елдің жолсеріктері.

«Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы – бұл кәсіби жоғары білікті  педагогтар, шығармашылық және дарынды балалар, қызықты да қайталанбас сабақтар, мастер-кластар, мерекелер, танымдық ойындар, керемет эмоциялар. Тәрбиеленушілеріміз жыл сайын қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Әлем үнемі өзгеріп отырады, жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер пайда болады және уақыттың жаңа сын-қатерлері бізден білімге деген көзқарасты түбегейлі өзгертуді  талап етеді. Біз сыни ойлай отырып, кәсіби бағдарланған және үйлесімді дамыған, жаңа жағдайларға бейімделген мобильді адамды қалыптастыру үшін бар күшімізді саламыз. Бұл бағыттағы басымдықтарға еліміздің Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев үнемі назар аударады.

Бәтима Баямбайқызы АЛПЫСБАЙ,
Әулет” мектептен тыс жұмыс орталығының
әдіскері, Ақмола облысының Көкшетау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий