Конференция көкжиегі кеңейді

Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастамасымен математика мұғалімдерінің «Қажи Нұрсұлтанұлы оқулары» атты үшінші республикалық ғылыми практикалық конференция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Белгілі ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор есімін тағы бір мәрте жаңғыртқан онлайн конференцияға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Тараз, Қостанай, Шымкент, Жезқазған, Балқаш, Семей, Аягөз қалаларынан бөлек Моңғолияның Баян – Өлгей аймағындағы математика саласының мамандары мен студенттері қатысты.   

– Қажи Нұрсұлтанұлының отандық математика саласына қосқан үлесі өте зор. Ол университетте дәріс бере жүріп, орта мектептердегі әріптестеріне үнемі қолдау білдіріп отырған. Сол арқылы баланың математикаға деген қызығушылығын мектеп партасынан бастап ояту керектігіне ерекше мән берген. Конференцияға баяндама жасау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен алпыстан аса әріптесіміз тіркелгенімен, комиссия шешімімен  олардың 16-ң ғана жұмыстары қорғалуға алынды. Осы жұмыстар математика пәніндегі түйткілді мәселелері мен оны оқытудағы жаңашыл жолдарын  қарастырады, – дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Нартай Советханұлы.

Конференцияны алғысөзбен ашқан мектебіміздің директоры Бағдан Қайыржанов шараның республикалық деңгейден халықаралық дәрежеге көтеріліп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ конференцияға  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, ф.м.ғ.д. Б.Е.Кангужин, ф.м.ғ.к., доцент Ә.П.Мұстафаев,  аға оқытушы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы Ховда университетінің жаратылыстану және математика бөлімінің меңгерушісі Ж. Бохайқызы, Назарбаев университетінің ғылыми зерттеушісі, «Matlab» және «Maple» қоғамдастығының мүшесі, ф.м.ғ.к. А.А.Анияров сынды көптеген білікті ғалымдардың қатысуы бұл басқосудың «бұрыңғы басқосулардан өзгеше» екенін көрсетсе керек.

Конференция «Математика мұғалімінің іс-әрекеттегі зерттеуі:  перспективалары мен проблемалары», «Өңірлік ғалым-математиктердің еңбегін оқу процесі арқылы насихаттау», «Қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері мен сын-қатерлері» секцияларына бөлініп, қатысушы ұстаздардың көкейінде жүрген көптеген сауалдарға жауап тапты. Қойылған сұрақтарға жауап қайтарылды. Конференцияның соңғы бөлімінде секция мдераторлары мен конференция модераторы өтілген іс-шараның толық қорытындысын жасады.

Конференция жұмыстарына толықтай SWOT анализ жасалынып, мұғалімдердің зерттеу жұмыстарын қалай және неден бастауға болатындығы жайлы ұсыныстар берілді. Конференция Қажи Нұрсұлтанұлының жаңа ғасырдағы мектеп пен оқыту жайлы айтып қалдырған ғибратты сөзімен тәмәмдалды:  – Үш педагогикалық күш – мектептің ізденімпаз, алдыңғы қатарлы мұғалімдері, педагогикалық институттардың оқытушылары мен зерттеушілері және мұғалім білімін жетілдіру институттарының методистері ынтымақпен бірлесе қызмет етсе, жемісті де игілікті іс тындырар еді. Өкінішке орай, олар әлі тізе біріктіре алмай келеді, – деген болатын сөзінің соңында. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий