Гран-при иегері ақмолалық оқушы
(Аты затына сай Шұғыла!). ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында, халқымыздың рухани құндылықтары мен тамыры тереңде жатқан ұлттық мәдениетімізді өркендету мақсатында Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты жалпы білім беру ұйымдарының ішінде желілік «Абай мектептері» оқушылары арасында онлайн режимде композитор Кеңес Дуйсекеевтің 75 жылдығына орай республикалық «Сәлем саған, туған ел» ән байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің аймақтың намысын Көкшетау қаласындағы Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Елешқызы Шұғыла қорғап, Бас жүлдеге ие болды. Шұғыла облыс орталығындағы Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатында 8-ші сыныптан бастап оқыды. Жан-жақты, дарынды оқушы, барлық сабаққа жоғары ынтамен қатысады. Сүйікті пәндері- тарих, қазақ тілі. Ол түрлі байқаулар мен олимпиадалардың белсенді қатысушысы.
Шұғыла өлеңдерді сүйсініп оқиды, жуырда өткен республикалық «Абайтану» олимпиадасында Грамотамен марапатталған болатын. Былтыр республикалық Қадыр оқуларының үшінші байқауында үшінші қатардан көрінген еді. Және басқа да білім сайыстары болсын, жас тарихшылар мен өлкетанушылар байқауларында да топжарып жүр. Мінезі ашық, адамгершілігі мол, жауапкершілігі өте жоғары оқушы берілген тапсырмаларды уақытында тиянақты, ұқыпты орындайды. Мектепішілік «Адал ұрпақ», «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшесі.
Жас өрен өзінің білімпаздығы, кішіпейілдігі, қарапайымдылығы, сыпайлылығы, ой-өрісіндегі рухани дүниенің бай болуымен кез-келген ортаның ұйтқысы бола алады, үнемі ізденіс үстінде көп талаптанатын оқушылардың бірі. Женімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда озат, болашағы жарқын болуына тілектеспіз!
Загрузка...