PISA форматындағы сауаттылық басты мақсат

Білім беру – оқыту мен тәрбие берудің бірыңғай мақсатта бағытталған үдерісі, меңгерген білім, біліктілік, дағдылардың, жұмыс тәжірибесінің және қалыптасатын құзыреттіліктің жиынтығы. Осы сан қырлы үдерісте теориялық білімді қалыптастыру және оқушылардың практикалық дағдыларын дамыту арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңызы зор. Қазіргі уақытта фактілерді, терминдерді, формулаларды жаттауға баса назар аударылып, білімді қолданбалы мәселелерді шешу үшін қолдану деңгейі төмендеп кеткен.

Академик Александр Минцтың «Білімді меңгерген, алайда оны пайдалана алмайтын оқушы жүзе алмайтын фаршталған балық іспеттес» деген сөздері орынды айтылған деп ойлаймын. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA (Programme for International Student Assessment) халықаралық бағдарламасы жалпы білім беру сапасының мониторингтік зерттеуі болып табылады. Ол «Негізгі орта білімді алған 15 жастағы оқушы заманауи қоғамда толыққанды қызмет ету, яғни, әр алуан адам қызметі мен әлеуметтік қатынастар салаларындағы кең ауқымды мәселелерді шешу үшін қажетті білім мен білікті меңгерген бе?» деген сұраққа жауап береді.

PISA халықаралық бағдарламаны Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы (OECD – Organization for Economic Cooperation and Development) жүзеге асырады. Зерттеу үш жылдық циклмен елімізде соңғы екі жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2018 жылғы зерттеу оқу сауаттылығына бағытталған және толықтай компьютерлік негізде, интерактивті білімді пайдалана отырып жүзеге асырылған болатын, ал PISA-21 математикалық сауаттылықты өлшеуге бағытталып, халықаралық емтихан құралының бірегейлігі оның білім алушылардың жас буынның жетістігін қамтамасыз етіп, ересек өмірде өзін толық көрсетуіне жағдай жасайтын біліктіліктерін анықтауына негіз болады.

PISA зерттеулерінің алдыңғы нәтижелері бойынша, қазақстандық мектеп оқушылары пәндік білімдерін еске түсіру немесе өздеріне таныс оқу жағдайларында қолдана алу деңгейінде меңгергені байқалған, бірақ білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда қолдануда едәуір қиындықтар туындаған; табиғи құбылыстарды, нақты деректерді, технологиялар мен оларды енгізудің қоғам мен қоршаған орта үшін салдарын түсіндіруге дайындықтарының жетіспеушілігі байқалған; зерттеулер негізінде қорытынды жасау, проблемаларды шешу жолдарын ұсыну, ғылыми деректерді жетік түсіндіру және бағалау, келтірілген қорытындылардың дұрыстығын бағалау білігі қалыптаспағандығы көрсетілген.

Осы жағдайды ескере отырып, барлық пәндер бойынша оқушылардың функционадық сауаттылығын арттыруда еңбек етіп жүрген жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне қолдау көрсету, PISA халықаралық зерттеулерін жүргізу шеңберінде оқушылардың функционалдық ғылыми жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығын дамыту бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының қызметкерлерінің қатысуымен ақпан айының 24-і күні «PISA-ұлттық білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіші» тақырыбындағы республикалық онлайн ғылыми әрі тәжірибелік конференция ұйымдастыру жоспарлануда. Білім саласының жанашырларын конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Толық ақпарат http:// www.orleu-uko.kz» сайтында жарияланған.

Гүлмира Жұманқызы ЕСЕНТУРЕЕВА,
Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді
оқыту әдістемесі кафедрасының
 меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий