БҚО-да жаңа екі жатақхана салынуда

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» жобасын іске асыру шеңберінде жеке инвесторлар есебінен колледж студенттеріне арналған екі жатақхана салу және  қайта құру  бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Орал политехникалық (Болашақ ЖШС – 150 орын) және Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде («Орал трансформатор зауыты» АҚ – 150 орын) студенттерге арналған жатақханалардың құрылысы жұмысы жүргізілуде. Былтырғы жылдың желтоқсан айының 1-і күні Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттеріне арналған 144 орындық жатақхана құрылысы аяқталып,  пайдалануға берілді («Хайрекешова А.» ЖК). Қазіргі таңда облыстың 17 мемлекеттік колледжінің 19 жатақханасы бар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий