Ғылым мен өндірісті жақындастыратын серіктестік

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ірі бизнес тарапынан өңірлік университеттерге және олардың ғылыми қызметіне «қамқорлық» жасау мәселесі жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Дулати Университеті және Жамбыл облысындағы «Заң» және «Өркен» кәсіпорындары басшылығы арасында кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының медиа қызметі.

Бүгінгі күні экономиканың нақты секторы мен университеттер арасындағы қалыптасқан стереотиптер мен қатынастардың заңдылықтарына жаңаша көзқарас қажет екенін атап өткен жөн. Кездесу аясында оқу-өндірістік үдерісті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелерін қарастырдық, университеттің зерттеу жұмысының жоспарын аймақтағы кәсіпкерлік секторымен өзара әрекеттесу тұрғысынан талқыланды.

Соңында ынтымақтастық пен байланысты нығайту туралы, сондай-ақ университет пен кәсіпорындардың мүдделеріне жауап беретін бірлескен жобалар, бағдарламалар, іс-шаралар әзірлеу және жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды. Ғылым мен бизнес арасындағы серіктестік заманауи зертханалық жабдықтармен жабдықталған ғылыми кластерлерді, пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдана отырып, STEM білім беруді дамытуға, сондай-ақ, жаңа білікті кадрларды даярлауға қызмет ететініне сенімдіміз.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий