Ойлаудың жаңа тәсілі

Shell NXplorers – бұл әдіс 14-19 жас аралығындағы жастарды позитивті өзгерістерге жету үшін қажетті күрделі және креативті ойлау жүйесімен таныстыратын апробацияланбаған инновациялық білім беру бағдарламасы. Бағдарлама өзгерістер процесінде позитивті бастамашы болу үшін қажетті кешенді және креативті ойлау дағдыларымен таныстырып, жас қатысушыларды осы дағдыларды қолдану үшін қажетті әдістермен қамтиды.

Біз ортақ үйіміз жерді қалай зиянсыз және қауіпсіз ете аламыз? Ол үшін ғаламшарымыздағы «Азық-су-энергия» үштігін дұрыс пайдалана алуымыз керек. Shell Nxplorers осы үштік байланысының хабардарлығын арттыруға, сонымен қатар білімді кеңейтуге, ойлау әдістері мен күрделі мәселелерді шешуге дағдыландырылып бағытталған. Үштік ресурс өзара тығыз байланысты. Мысалы ретінде біз күнделікті өмірде пайдаланатын электр энергиясын өндіру үшін су қажет, бұл энергия өсімдіктерді суаруға сонымен қатар керекті суды тазалауға жұмсалады, ал одан алынған өнім ас болып біздің дастарханымызға түседі.

Бұл тек азыққа қатысты емес. Кез-келген затты өндіру барысында, осы үштік «Азық-су-энергия» ресурстары қажет етіледі. Қазіргі қарқынмен дүниежүзі халқының санының артуынан, азық-түлікке, киім-кешекке, баспанаға, электроникаға, машинаға және тағы да басқа заттарға деген сұраныс та артып келеді. Бұл өз кезегінде, оларды өндіруге қажетті ресурс түрлеріне деген сұранысты да арта түсірмек. Айналып келгенде мұның бәрі қоршаған ортаға сонымен қатар табиғатқа да қысым түсіреді. Ғаламшарымызда болып жатқан климаттың өзгеруі мен ластануы осының салдары. Климаттың өзгеруі ауылшаруашылығына, адамдардың тұрғылықты орындарын ауыстыруға, табиғи апаттардың пайда болуына әкеліп соқтырады.

Ластанудың салдарынан су, ауа мен топырақ сапасы да төмендейді. Ол өз кезегінде адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Адамдардың жақсы өмір сүруге жасаған қадамдары осы өмірдің сапасын керісінше төмендетуі ықтимал болып отыр. Сондықтан да, қазіргі таңда адамзат үшін осы мәселеге қатысты жаңа идеялар, жаңа технологиялар мен жаңа көзқарастарды қарастыру қажет. NXplorers бағдарламасының әдістемесі үш кезеңге бөлінген. NXplorers бағдарламасының алғашқы қадамы – зерттеу.

Бұл бізге проблемалардың не екенін, олардың пайда болу себептерін және олар туралы көбірек білуге болатындығына мүмкіндік береді. NXplorers бағдарламасының екінші қадамы – жоспар құру. Бұл сіз ештеңе өзгермейтін болса, болашақ қандай болатынын қарастыратын кезең. Сіз сондай-ақ оң өзгерістер мен таңдаулы болашақ әкелетін әрекеттер туралы ойлана бастайсыз. NXplorers бағдарламасындағы үшінші қадам – бұл өзерту. Бұл сіздің таңдаулы болашағыңызға жету үшін қандай әрекет жасау керектігін қарастыратын кезең.

Айгерим Жанахметовна САДЫКОВА,
№61 орта мектебінің география пәні, жаратылыстану
ғылымдарының  магистрі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий