Мектеп оқушысы планшет ұтып алды

Қаратау мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жібек Құрманғазықызы «Дарын онлайн» платформасында белсенділік танытып, соңғы үлгідегі планшет ұтып алды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Дарын онлайн» платформасы оқушылардың оқуға ынтасын арттыру мақсатында платформада тест тапсырып, жоғары ұпай жинаған белсенді оқушыларға бағалы сыйлықтар табыстауда. Сондай-ақ, оқушылар «Дарын онлайнда» ораторлық өнер, домбыра, Java, Python программалау тілдері сынды көптеген қосымша курстарын оқып, тест тапсыру арқылы Дарын ұпайларына ие бола алады. 

 

Платформаның мүмкіндігін білімімен ұштастыра білген Жібек Құрманғазықызы тесттен 40000 бонус жинаған. Білімге деген құштарлығының арқасында жоғары ұпай жинаған Жібек Құрманғазыға платформа тарапынан планшет, сертификат және «Дарын Онлайнның» атаулы свитшоты сыйға тартылды. Бүгінгі күнге дейін платформаны пайдаланатын жамбылдық отызға жуық оқушы 10 мыңнан аса ұпай жинаған. Әр оқушыға төсбелгі, сертификат және мотивациялық кітап сыйға тартылды. Оның ішінде екі оқушы 20 мыңнан аса ұпай жинап, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Айта кету керек, аталған платформа 80 000 ұпай жинаған оқушыларға соңғы үлгідегі IPHONE телефонын сыйлайды. ҰБТ-ға аталған платформада дайындалып, 150 000 Дарын ұпайын жинаған оқушыға Алматыдағы топ-бес университеттің біріне грант беріледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий