Бірінші сынып оқушыларының ата – аналарына арналған жадынама

Құрметті ата – ана! Мектепке қабылдау-бірінші сынып оқушысының өміріндегі ең маңызды сәт. Мектеп алды даярлық тобы оқушысына тән қамқорлық – талаптар мен міндеттерге толы өмірмен алмастырылады. Әрине, бұл бірінші сынып оқушысы үшін өте салтанатты сәт қана емес, сонымен қатар ата-ана үшін өте үлкен жауапкершілік. Бала өмірінің жаңа кезеңіне алдын-ала дайындалу қажет, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл үшін не істеу керек? Күнделікті күн  тәртібін ұйымдастырыңыз: толыққанды тамақтану, жақсы  ұйқы, таза ауада серуендеу. Мектепке дейін бала қолының ұсақ  моторикасын дамыту, кітапқа деген қызығушылықты  қалыптастыру, күнделікті тәртіпті сақтауға үйрету, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру қажет. Әрі қарай, сіз мектепті анықтауыңыз керек. Ата-ана ретінде сіз мектепті таңдап, баланы мектеппен таныстырыңыз, егер мүмкін болса, баланы дайындық сыныбында анықтаңыз. Облыс бойынша балаларды мектепке дайындау үшін маусым айының 1-і мен қыркүйек айының 1-і күні аралығында “Балақайлар мектебі” ұйымдастырылады.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап мектепке қабылдау үшін құжаттарды тапсыру мерзімі өзгерді. Құжаттарды қабылдау сәуір айының басынан бастап тамыз айының дейін “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы және қағаз жеткізгіште білім беру ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 1-сыныпқа даярлық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін Сізге  төмендегі құжаттарды ұсыну қажет: үлгі бойынша өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы; денсаулық туралы анықтама (форма №063 / у және форма No026 / у-3); 3х4 см өлшемді баланың 2 дана көлеміндегі фотосуреттері. Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы осы бағыттағы барлық сұрақтар бойынша төменде көрсетілген телефонға хабарласа алады: 87112260465

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий