“Жас маман” жобасы жүзеге асуда

Орал политехникалық колледжінде әлеуметтік серіктестерге «Жас маман» жобасы аясында сатып алынған жаңа жабдықтарды таныстыру шарасын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шараны ұйымдастырудың басты мақсаты “Жас маман” жобасы аясында әлеуметтік әріптестерді колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру,білім беру бағдарламасын жетілдіруге жәрдемдесу және оқу процесіне жаңа жабдықты енгізу мәселелерін анықтау. “Жас маман” жобасын бірлесіп қаржыландыруға жергілікті бюджет есебінен бес пайыз өлемінде бюджет қаражаты көзделген.

Жобаны іске асыру осы жергілікті арнаулы оқу орнына 257402,3 миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта колледж оқу процесіне сатып алынған жабдықтарды енгізу сатысында. Тұсаукесерге “Отделстрой”СКФ ЖШС, “Домостроитель”ӨК, “”АҚ, “ОралПолимер” ЖШС сынды облыстың ірі құрылыс компанияларының өкілдері қатысты. Тұсаукесер кезінде жұмыс берушілер сатып алынған жабдықтар және студенттермен тәжірибелік сабақтардың үзінділерімен танысты.
Загрузка...