Қызылорда облысында 139 967 бала қосымша үйірмелерге барады

Сыр елінде қосымша білім беру ұйымдары мен спорттық секцияға баратын балалар саны артуда. 139967 бала қосымша білім беру ұйымдарына барады. Оның ішінде 57112 бала қосымша білім беру ұйымдары мен секцияларға барса, 82855 оқушы мектеп жанындағы спорттық үйірмелерге қатысады. Яғни облыстағы оқушылардың 56,2 пайызы спорттық және шығармашылық секцияларға қызығады, – деп хабарлайды Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні аймақта 59 қосымша білім беру ұйымы бар. Оның отыз сегізі білім басқармасына қатысты. Яғни, 9-ы оқушылар үйі, бір қосымша білім беру және оқу–әдістемелік орталық, 13 өнер мектебі, үш тынығу лагері, 5 мектеп жанындағы қосымша  және екі жеке қосымша білім беру ұйым бар. Сондай-ақ, 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. Балалардың танымдық және шығармашылық әлеуетін арту үшін өңірде көркем сурет сыныбы мен 3Д бейнелеу студиясы және сурет үйірмелері жұмыс жасайды.

Ерекше айту керек, қосымша білім беру және үйірмелерді көбейту үшін 2020-2023 жылдарға арналған өңірлік Жол картасы қабылданған. Осы арқылы орталықтардағы материалдық-техникалық базаны нығайту, технопарктер мен бизнес-инкубаторлардың, спорттық, шығармашылық, экологиялық, техникалық  бағыттардағы үйірмелер желісін көбейту жұмыстары іске асады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий