Шәкірттерінің шеберлігін шыңдау арқылы шыңдалған

Дарынды оқушыларды шыңдаудағы шеберлігін жетістiгiмен мойындата бiлген әрiптесiмiз, математика пәнінің нағыз, заманауи көшбасшы маманы аудан, қала, республика, халықаралық деңгейде өз шығармашылық идеяларымен даралана бiлген Карагулова Гаухар өзі де шыңдала жүрiп, оқушыларын шыңға шығара бiлдi.

Құрметті Гаухар Қурманжановна! Сіздің заманауи табысты мектеп жасаудағы жан -жақты білікті креативті іскерлік әрекеттеріңізге әрқашанда тәнтіміз. Сіз алмайтын қамал, сіз шықпайтын асулардың жоқ екенін дәлелдеген осы сәттер үшін рахмет. Дарынды оқушы жұлдызын жағып жарқыратып жатқан еңбегіңізге абырой мен мықты денсаулық тілеймін. Еліміздің болашақ жасампаздығы үшін аянбай еңбек етер ұстаздар қауымының қатарынан болғаныңызға қуаныштымын, әрқашан жарқырап жана беріңіз!, – деді мектеп директоры Абдикаримова Рима Сабржановна ризашылығын білдірген, алғыс хатында.

Парасатты педагог талапты жастарды ізденiс жұмыстарына ынталандыру арқылы ғылыми жоба жарысында бақ сынауларына барлық мүмкіндікті қарастыруда. Нәтижесінде 9 cынып оқушылары Жорабекова Назира мен Қуатқызы Айдана “Дарын” ҒПО- ның ғылыми жобалар жарысының “Қолданбалы математика” секциясы бойынша қалалық кезеңiнен бірінші орын жеңімпаздары атанса, республикалық деңгейдегі сынақ барысында екінші қатардан көрінді.

Білім ордасының намысын қорғаған шәкірттеріміз үздік жүлдегерлер ретінде мақсатты істеріне бағыт пен бағдар ұсынып, шеберлігін шыңдаған ұстаздарының еңбегін ақтаулары арқылы ұйымшыл ұжымымыздың мәртебелі мерейiн асқақтатты. Шығармашыл ұстаз бен. дарынды шәкірттерімiзге, үйде отырып қолдау жасаған ата-аналары мызға, мектеп әкімшілігі мен ұстаздары, оқушылары атынан ризашылығымызды бiлдiре отырып, болашақтарына тұғырлы жетicтiктер тiлеймiз! Ғылыми жетекшілер мен жас зерттеушілерiмiздiң бiрлескен жұмыстары жемicтi бола берciн!

Назира Алмаханқызы ЖАҚЫПБЕКОВА,
№152 мектеп – гимназияның “Шыңдалу
мектебі”
ҒӘК әдicкерi, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий