ШҚО: “Отбасымызбен мақал жаттайық” байқауы қорытыланды
Қазақтың мақалы мен мәтелдері – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Мақал мен мәтелдер – бізге ата-бабаларымыздың қалдырған мұрасы. Сондықтан оның авторы–халық. Мақал – мәтелдерден халқымыздың өсиетін үйрене аламыз. Әрбірінен баға жетпес үлгі өнеге көре аламыз.

Мақал-мәтелдерді түсінген адам өмірде табысқа жетеді. Мақал мәтел халық даналығының айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Байқау 5-6 сынып оқушылары үшін онлайн түрде ұйымдастырылды. Байқаудың шарттары: оқушы отбасы мүшелерімен бірге ұлттық әдет-ғұрып; салт пен дәстүрге байланысты мақалдар жаттайды; жаттаған мақалдарын видеоға түсіреді; бейне жазба сапалы түсірілген болуы керек; эстетикалық талғамы қарастырылуы тиіс. Марапатталуы: байқау шартына сай болған үздік жұмыстар І, ІІ, ІІІ орындар грамоталарымен марапатталады.
Мақсаты: адам өміріндегі басты байлықтың бірі ол- тіл байлығы. Мақал-мәтелдерді оқып, жаттау арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тіл байлығын арттыру; ата – бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал – мәтел арқылы өз елінің әдет – ғұрып, салт – дәстүрлі сыйлауға баулу; оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы ой-өрісін дамыту, рухани байлығын толықтыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру; қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген қазақтың көрнекті ғалымы – Шоқан Уәлиханов. Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдық – тарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы.

Олар – әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан – ұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған. Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатындағы “Оқуға құштар мектеп” республикалық жоба аясында ұйымдастырылған “Отбасымызбен мақал жаттайық” байқауының нәтижесі анықталды.
Байқауға белсене қатысып, отбасы мүшелерімен бірге ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты мақал жаттап айтуда ерекше білімпаздық танытқан және байқау шартына сай болған үздік жұмыстар келесі марапаттарға ие болды. Жүлделі бірінші орын 5 «Б» сыныбы. Сынып жетекшісі: Қожахметова А; екінші орын 5 «Ә» сыныбы. Сынып жетекшісі: Толеуова Ш және 6 «В» сыныбы. Сынып жетекшісі: Нугманова А; үшінші орын 6 «Ә» сыныбы. Сынып жетекшісі: Дурмекбаева Ж мен 6 «Б» сыныбы. Сынып жетекшісі: Қалиева М.

Жеке оқушылар бойынша: Бас жүлде Өміржан Елжан 5 «Ә» сыныбы; бірінші орын Тоқтаров Батырхан 6 «Б» сыныбы; екі екінші орын Халел Мирас 5 «Б» сыныбы мен Қайролла Әмір 5 «Б» сыныбы. Үш үшінші орын Маралов Елнұр 5 «Ә» сыныбы мен Қадышев Бақтияр 6 «Ә» сыныбы және Тұрғазы Бекнұр 5 «Ә» сыныбы. Жеңімпаз оқушылардың жұмыстары мектебіміздің әлеуметтік желілер арқылы жалпы жұртшылықтың назарына ұсынылып, кеңінен насихатталды.
Гүлжанар ТОБЫҚБАЕВА,
кітапхана меңгерушісі,
Динара САКАЕВА,
кітапханашы
Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын
көпбейінді гимназия, ШҚО, Семеей қаласы