Жазу реформасы: латын графикалы жаңа әліпби және оның қолданысы

ZOOM платформасында «Латын» ғылыми практикалық орталығының бастамасымен 2021 жылдың 28 қаңтарда өткен Ұлттық комиссия отырысындағы қазақ тілі әліпбиін мамандар арасында кең ауқымда түсіндіру тапсырмасы бойынша «Жазу реформасы: латынграфикалы жаңа әліпби және оның қолданысы» дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың баспасөз қызметі. 

Дөңгелек үстел латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, соңғы әліпби нұсқасын талқылаудан өткізу мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, профессор Әлімхан Жүнісбек, профессор Айман Алдашева және ф.ғ.д. Құралай Күдеринова баяндама жасады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ф.ғ.д. Жұбаева Орынай, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, ф.ғ.д. Қаламқас Қалыбаева, ҚазҰПУ түлегі, доцент, Ұлыбританияда «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан Еділ Оспанов және т.б. қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, жаңа әліпби нұсқасына қатысты пікірлерін білдірді. Іс-шараға ЖОО оқытушылары (әл Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Дулати атындағы ТарМУ, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті), мектеп мұғалімдері, «Өрлеу» БАҰО орталығының тренерлері, ұстаздар, магистранттар және докторанттар қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий