Нұрасыл мақал мен мәтел бәйгесінде оза шапты

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 8-сынып оқушылары арасында мақал-мәтел бәйгесі ұйымдастырылды. “Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында қызылордалық зияткерлердің тіл байлығын арттыру және сөз өнеріне баулу мақсатында түрлі шаралар жоспарланған, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

Дәстүрлі «Мақал-мәтел бәйгесі» сайысына бұл жолы 8-сыныптардың белсенділері қатысты. Жас дарындылар мақал-мәтелдерді қолдана отырып өзін таныстыру, сурет бойынша нақыл сөздерді табу, берілген сөйлемдердің мазмұнын аша білу, мақалды жалғастыру және берілген сөздерге мақал айту секілді 5 кезеңде бақ сынасты.

– Балаларды мақал-мәтелдерді өмірде орынды пайдалана білуге дағдыландыру үшін мектеп оқушылары ай сайын белгілі бір тақырыпта нақыл сөздерді жаттайды. Алған білімдерін осындай түрлі бағыттағы шараларда шыңдайды. Бұл жолы тапсырмалар туған жер, достық, білім, адамгершілік, еңбек, мінез тақыбындағы мақал-мәтелдерге қатысты дайындалды. Қатысушылар сөз байлығымен, зеректігімен ерекшеленді, – дейді жоба координаторы Әділжан Абажанов.

Аталмыш бәйгеде оза шапқан өрендер жүлделі орындар және номинациялармен марапатталды. Әділ-қазылардың шешімімен ІІІ орынды 8 « Е » сынып оқушысы Зарина Қожабай, ІІ орынды 8 « G » сыныптан Айзере Дастанова және І орынды 8 «С» сынып оқушысы Нұрасыл Әбілда жеңіп алды. Ал Ізбасар Айтуған «Озық ойлы оқушы», Еркін Ағзам «Зияткер оқушы», Әубәкір Алтынай «Тапқыр оқушы», Асқар Құмар «Зерек оқушы» атанды.

– Нақыл сөздер жаттау бізге көп тәлім-тәрбие береді. Мақал-мәтелдерді өзіміздің өмірлік ұстанымымыз ретінде пайдалануды дағдыға айналдырып келеміз. Біз сөз өнерін зерттей отырып, оның терең мағынасын түсініп, өзара талдаймыз, – деді сайыс жеңімпазы Нұрасыл.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий