Ақмола облысы: Республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі онлайн режимде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. Байқау дәстүрлі түрде жыл сайын төрт бағыт бойынша өткізіліп келеді: «Ғылыми –техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математкиалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан – 2050 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары».

Байқаудың бірінші кезеңіне 18557 оқушы тіркелсе, екінші кезеңінде 8268 оқушы, ал үшінші кезеңіне 945 оқушы қатысқан болатын. Қортытынды кезеңге еліміздің барлық аймақтарынан 576 жоба ұсынған ең үздік 750 оқушы қатысты. Ақмола облысының намысын 23 оқушы 19 жобамен қорғады. Байқау қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдармен келесі оқушылар марапатталады: «Тарих» секциясы бойынша Агафонова Даяна және Рахимжанова Дильназ – Сандықтау ауданы, Максимовка орта мектебінің 10 сынып оқушылары; үшінші дәрежелі дипломдармен келесі оқушылар марапатталады.

«Адам.Қоғам.Құқық» секциясы бойынша Комарова Алена – Бурабай ауданы, Баянбай ауылы орта мектебінің 11 сынып оқушысы; «Тіл білімі(қазақ тілі)» секциясы бойынша Букенова Ғазиза және Болсынбек Шуақ – Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 және 9 сынып оқушылары. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!!!!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий