Ерлікке тағзым – ұрпаққа аманат

Осыдан тура отыз екі жыл бұрын Кеңес Одағы әскерлері Ауған жерінен шығарылған еді. Тарих қойнауында өшпес із қалдырған он жылға созылған осынау отты жылдар ел есінде мәңгі сақталып келеді. 2238 күн бойы тоқтаусыз өткен шайқасқа Кеңес Одағы әскері қатарына  қандастарымыздан 22 мыңнан астам әскер аттанған болатын. Мыңдаған жас жауынгерлеріміз жат елде жан тапсырып, енді бірі ұрыс даласынан жарақатпен оралып жатты.

Із – түссіз кеткендері де жоқ емес.  Қара жердің бетін қызыл қанға бояған, ешкімді аямаған сұрапыл соғыс бірін асыраушысынан, енді бірін бауырынан, тума туысынан айырып кетті. Аман есен елге оралып, отбасымен қауышып, қызметін атқарып жүрген ағаларымыз да бар. Елі үшін, жер үшін, қара бала қамы үшін деп жанын қиюға әзір болып аттанған қандастарымыздың ерлігін еске алып, жас ұрпаққа насихаттау, ерлік пен батылдықтың, отан қорғаудың қадір қасиетін ұғындыру адамдық борымыз. Дәл осы мақсатта, № 44 мектеп гимназиясында АӘД пәні мұғалімі А. Ю. Гузьдің ұйымдастыруымен «Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шыққанына 32 жыл» деген атаумен көрме өткізілді.

Тарихи мұраға толы көрме  1, 4, 9, 11 кезекші сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Көрме барысында Ауған соғысының зардабы мен қиыншылығы жайлы тың ақпараттар айтылды. Оқушыларға қосымша ақпарат ретінде көркем еңбек пәні мұғалімі М. Масумов шайқаста болған өзінің бауыры Т. Масумовтың қызметі мен ерліктері жайлы және  ерлігі үшін берілген орден, медальдары жөнінде мағлұматтар берді. Көрмеде Кеңес Одағы  әскерлерінің пайдаланған автоматтары мен соғыс құралдары  көрсетілді. Видеотүсірілімдер де көрсетіліп, оқушылар мол ақпарат  алды. Соңында мектептің акт залында, көрмеге қатысып, белсенділік танытқан  оқушылар марапатталды. Ер есімі – ел есінде. Отан үшін аянбай тер төккен қандас бауырларымыздың қайсар ерлігін ешқашан ұмытпаймыз!

Айгүл Асалыковна ДЖУМАБАЕВА,
№ 44 мектеп гимназия мұғалімі қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі, Алматы қаласының Түріксіб ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий