Әлем әдебиетінің үздік туындыларын зияткерлер комикс тілінде сөйлетті

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы аясында «Үздік комикс кітап» байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 


Александр Беляевтің «Человек – амфибия» романы, Николай Заболоцкийдің «Некрасивая девочка» өлеңі, Александр Пушкиннің «Пиковая дама» повесі, Антуан де Сент-Экзюперидің «Маленький принц» повесі, Льюис Кэрроллдың «Алиса в стране чудес» ертегісі секілді әлем әдебиетінің үздік туындыларын зияткерлер комикс тілінде сөйлетті.

– Комикс – кітап пен киноны байланыстыратын сала. Оқушылар шығарманы түсініп оқи отырып, эстетикалық талғаммен креативті комикс жасап шығарған, – дейді қазылар алқасының мүшесі , орыс тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Талғатқызы. Бұл байқау оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық ойлау дағдысын дамытуға үлкен септігін тигізе. – Көркем шығарманы оқып қана қоймай, комикс әлеміне алғашқы қадамдары, көркем туындылары мені қуантты. Алдағы уақытта жыл сайын байқау ауқымын кеңейте отырып, тұрақты түрде ұйымдастыру туралы ой туды, – дейді жоба координаторы Ақбота Жұмабаева.


Сайыс қорытындысы бойынша «Әл – Фараби» шаңырағының оқушысы Інжу Нұрсейіт пен «Сұңқар» шаңырағының оқушысы Құралай Сейдәзім І орынды, «Сыр елі» шаңырағы оқушысы Фатима Дінмұханбетқызы мен «Әл – Фараби» шаңырағы оқушысы Дильназ Асылбек ІІ орынды, «Бегім ана» шаңырағының оқушылары Аружан Мырзабекова мен Айгерим Нуртаева және «Алаш» шаңырағынан Алия Сенбаева ІІІ орынды иеленді.


https://www.canva.com/design/DAEVjkyt0Ks/pi1xG2sMdNE4v1-F5dMZXw/watch?utm_content=DAEVjkyt0Ks&utm_campaign=designshare&utm_medium=link&utm_source=publishsharelink

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий