БҒМ: ҚазМҮББУ-дағы үш тексерісте 26 өрескел бұзушылық анықталды
ҚазМҮББУ жоғары оқу орны ретінде 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істей бастады. Мамандардың айтуынша, ҚазМҮББУ С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінен, Қарағанды медицина университетінен және басқа да жоғары оқу орындарынан шығарылған студенттерді оқуға қабылдай бастаған, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Жалпы, ҚазМҮББУ-да үш мәрте тексеріс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 26 өрескел бұзушылық анықталды. Жоғары оқу орны тексеру қорытындысына бұған дейін шағымданған болатын. Кейін сот процестері 3 айға созылды. Сот университеттің шағымдарын қанағаттандырудан бас тартты.
Загрузка...