Жамбыл облысы: 3 алтын мен сегіз күміс және 7 қола

Республикалық ғылыми жобалар байқауында біздің аймақтан 36 оқушы бақ сынап, 18-і жүлделі орындарға ие болды. Білім және Ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жас дарын иелерінің білімі таразыға салынған сайыста жамбылдық үш оқушы алтын, 8 оқушы күміс және жеті оқушы қола медаль жеңіп алды. Олар «Үй жануарларына арналған ақылды автоматты тамақтандырғыш», «Лайланған суларды зерханалық жағдайда химиялық әдіспен тазарту», «Табиғи сазбалшықтардың негізіндегі алынған жаңа адсорбенттерди қолдану арқылы ағынды сулардың сапасын жақсарту» және өзге де өзекті тақырыптарда ғылыми жобаларын қорғап шықты.

Жас ғалымдар бәсекесі биыл санитарлық талаптарды сақтау мақсатында онлайн-режімде өтті. Айта кету керек, байқаудың аудандық кезеңде 1080, облыстық кезеңде 324 оқушы өз білімдерін таразылады. Сайыстың қорытынды кезеңіне 36 жас зерттеушінің 16 ғылыми жобасы ұсынылды. Жас ғалымдарды құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий