Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 7 сынып оқушылары арасында поэзия кеші өтті. «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атымен ұйымдастырылған Мұқағали оқуларының басты мақсаттарының қатарына шәкірттерімізді ақын шығармашылығымен жақынырақ таныстыру, поэзия дүлділінің өлеңдері арқылы жеткіншектерді отанды сүюге, адамзатты қадірлеп, адами қасиеттерді сіңіре білуге үйрету.  

Желілік «100 кітап» жобасының аясында өткізілген кеш ақынның өмірбаяны туралы бейнекөрсетіліммен басталып, 29 шәкірттің ақын өлеңдерін нақышына келтіре жатқа оқыған шеруімен жалғасты. Кеш барысында қазақ әдебиетінің алыптары Әбіш Кекілбаев, Тұманбай Молдағалиев, Әбділдә Тәжібаевтардың Мұқағали жайлы лебіз, пікірлері мысалға келтірілді. Поэзия салтанат құрған шараға орыс сыныптарының оқушыларының белсене қатысып, мемлекеттік тілді меңгеруге талпыныс танытулары кештің тағы бір ерекшелігі деп атауға болады.

Сонымен бірге ұжым ұстаздарының ауызбіршілікте тізе қоса отырып жұмыс жасағандарын айтпай кетпеске болмас. Шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н.Байбусинова, Б.Жұмаханов, А.Жайсаңбаевалар шәкірттерімізге өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп жатқа оқуға машықтандырды. Ал Г.Жакеева, Б.Салихова, Г.Дулатова есімді ұйымдастырушы-педагог-кураторлар кештің жоспарлануы, өтуі, нәтижелі аяқталуына дейін бел шешкен жоқ.  

Кеш барысында  ақынның «Бүгін менің туған күнім», «Елім бар да», «Қазақстан», «Үш бақытым», «Поэзия», «Шеше, сен бақыттысың», «Қазақ жері», «Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін», «Арулар», «Сәби болғым келеді …» өлеңдері тыңдалып, «Мұқағали Мақатаев туралы 9 дерек» бейнетүсіріліммен аяқталды. Кеш соңында қатысушылар марапатталып, TEAMS платформасында көрермендер кештен алған әсерлерімен бөлісті.

Г.ДУЛАТОВА,
Семей қаласындағы физика-математика
бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік
мектебінің ұйымдастырушы- педагог-кураторы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий