Әдеби-музыкалық композициялар байқауы: Махамбеттің жас ұрпақтары

«Махамбеттің жас ұрпақтары!» V республикалық әдеби-музыкалық композициялар байқауының жеңімпаздары мен жүлдергерлерін салтанатты мараптаттау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды елордасындағы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының баспасөз қызметі.

2003 жыл біздің оқушылар сарайы үшін айтулы оқиға  – қазақтың ұлы батыры, ақыны Махамбет Өтемісұлының туғанына 200-жыл толуына орай ақынның есімі берумен бастау алды. Астаналық оқушылар үшін дәстүрлі және ерекше маңызды жоба жыл сайынғы қалалық Махамбет оқуларына қатысу болды, ол елорданың мыңдаған жас патриоттарын бірыңғай шығармашылық пен Махамбеттің ұлы мұрасының ізбасарлары болумен біріктірді.  2016 жылдан бастап байқаудың ауқымы республика деңгейінде кеңейді.

Махамбеттің жас мұрагерлері еліміздің әр түрлі қалаларынан өз шығармашылығымен, шеберлігімен, театр өнерлерімен, ұлы батырдың шығармашылығын дәріптеуімен бөліседі. М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының концерт залында салтанатты түрде өткен мерекелік бағдарламаны  “Махамбет” тақырыптық фильмі ашып, одан кейін байқау жеңімпаздарының қатысуымен театрландырылған алғы сөзбен жалғастырылды. Махамбетті ақын бейнесінде № 77 мектеп оқушысы – Орлабай Бағжан таныстырды. Махамбет батыр бейнесінде көрермендер алдына № 37 мектеп – лицейінің оқушысы Княз Жасұлан шықты.

Алғы сөздің соңында М. Жұмабаевтың “Мен жастарға сенемін” шығармасын №78 мектеп оқушысы Шынали Сабыржанның орындауында шырқалды. Марапаттау рәсімі төрт бөліктен тұрды: I, II, III орын алған ұжымдарды,сондай-ақ конкурс номинацияларында атап өтілген қатысушыларды құттықтау. Бағдарламаның соңы, жобаға қатысушылардың барлығын Оқушылар сарайының “Бәйтерек” халық би ансамблінің музыкалық құттықтау  биімен аяқталды. Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау жағдайында өтті.

Еске сала кетсек, “Махамбеттің жас ұрпақтары!” биылғы ақпан айының алғашқы он күндігінде аймақтық деңгейде қашықтық форматта өтті, онда әр түрлі облыстар мен қалалардан: Нұр-Сұлтан қ., Өскемен қ., Қостанай қ., Петропавл қ., Алматы облысы, Павлодар облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ақмола облысынан елуден астам ұжым қатысуға өтінім берді.  Жүлделі орындар келесідей бөлінді. «Біз Махамбет ұрпағы» тақырыбы бойынша бірінші орын –  № 37 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы, № 77 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы; екінші № 38 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы, № 59 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы; № 71 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы.

Үшінші орын № 28 МЛ, № 30 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы; № 48 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы, № 73 МЛ, Нұр-Сұлтан, № 3 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы. Петропавл қаласы, «Оқушылар сарайы» МККК;   Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай кенті. Аталымдар бойынша: «Егеменді елдің ертеңі» – № 23 ОМ, Нұр-Сұлтан қаласы; «Дәстүрлі өнер» – № 35 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы; «Мәдени мұраны насихаттаушылар» – № 87 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы. «Ұлы дала ұрпағы» тақырыбы  бойынша бірінші орын – № 78 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы.

Екінші орын № 6 Г, Нұр-Сұлтан қаласы, № 52 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы; үшінші орын № 8 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы, № 4 МГ, Нұр-Сұлтан қаласы. Аталымдар бойынша: «Үміт» – № 81 «Astsna English scholl»,  Нұр-Сұлтан қаласы,  «Жалынды жастар» – № 40 МЛ, Нұр-Сұлтан қаласы, «Ұлт сенімі» – № 90 Г, Нұр-Сұлтан қаласы, «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қызылжар ауылы, жетекшісі: Ахметбекова Камшат Кадиржанована.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий