БҒМ: ҚазҰПУ-ға студенттер жатақханасының құрылысы жүргізілетін орынды қайта қарауды тапсырды

Білім және ғылым министрлігі «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ-қа студенттер жатақханасы құрылысының орнын қайта қарауды тапсырды. Жоғары оқу орны бұл мәселені жергілікті атқарушы органмен бірлесіп қарастыруы қажет, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.



БҒМ тапсырмасы бойынша ҚазҰПУ ректоры құрылыс орнын өзгерту мүмкіндігін тағы бір рет қарастырып, осы мәселені әкімдікпен бірлесіп шешу қажет. Жатақхана салу керек, бірақ бұл экология мәселесіне теріс әсер етпеуі тиіс, – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий