Қазақстандық жас патриоттар Академиясына – 5 жыл!

– Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады, – дейді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Патриотизм – өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.

“Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» атты ұйым құрылған болатын. Қазіргі кезде біздің орталықта бес жыл ішінде Академия құрамына 3000-ға жуық патриот қабылданды. Қапшағай қаласындағы жергілікті филиал басшылығының қолдауымен бес жылдыққа орай арнайы кеш ұйымдастырылды. Басқосу барысында Академия мүшелері өз өнерлерін көрермен назарына ұсынды. Академия президенті Төлепбай Мұхитдин Бекболатұлы және Академия жобасының идея авторы, “Құрмет” орденінің иегері – Битуова Ділдаш Рысқұлбекқызы балалармен тікелей байланысқа шығып, жылы лебіздерін білдірді.

Бес жылдық тарихы бар Академияның құрамында балдәурендіктермен қатар абыройлы азаматтар мен еліміздің жан-жақты дамуына еңбек сіңірген қоғам қайраткерлері бар. Атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, опера әншісі Толқын Забирова, Саят Медеуов сынды басқа да көптеген танымал тұлғалар. Оған қоса, еліміздің батыр балалары да Академияның құрамына қабылданған. Жас патриоттар Академиясы біршама жастардың жолын ашып, арманын толықтырғандай болды. Нәтижесінде, патриоттарымыз Орталық Азия аймағындағы теңдесі жоқ республикалық оқу сауықтыру орталығында ұйымдастырушы ұстаз қызметін атқарып жүр.

Ұйымдастырушы ұстаз болу жанның батылдығы, өнердің асылдығын талап етеді. Бүгінде жергілікті филиалдың ұжымында Саметов Дәулет бокстан спорт шеберіне үміткер, Тлеков Алишер Қазақстан жастарының «Жайдарман» жоғарғы лигасының ойыншысы, Амандық Ғаділ музыкант, барлығы ұйымдастырушы ұстаз қызметін атқарып жүр. Осы жастардың үлкен жетістіктерге жетуіне себепші болған жүректерінің тұсында тұрған патриот төсбелгісі. Ең қуаныштысы, дәл осы күні Академия құрамы батыр балалармен толықты.

Бутинова София биылғы ақпан айының басында Алматы облысы Түрген ауылында өрт шыққан үйден 3 бала мен 2 ересек адамды құтқарса, Құрманәлі Әбіл 2019 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы Төңкеріс ауылында өз үйлерінен өрт шығып, өзінің кішкентай інісі мен қарындасын тілсіз жаудан аман алып қалды. Осындай бейбіт күннің батырлары бізге әрқашан үлгі болып қалмақ! Еліміздің дербес, толыққанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндігі үшін, туған жері – Отан үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің жас патриоттары осы жолды ары қарай жалғастырмақ.

Адия КАИРЖАНОВА,
Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру
орталығы Қапшағай қаласындағы филиалының
баспасөз хатшысы, Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий