Жамбыл мен Кененнен басталған айтыс көшін жамбылдық жастар жалғап келеді

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім басқармасына қарасты «Жамбыл дарыны» орталығында «Жыр алыбы – Жамбылым» атты оқушылар айтысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара оффлайн өткізілгенімен, індет талаптары толығымен сақталды. Жыр додасына облыс бойынша 16 үміткердің қатысып, суырыпсалмалық өнерлерін көрсетті. Тартысты өткен жыр додасы нәтижесінде айтыстың бас жүлдесі жуалылық Санжар Даярбекке бұйырса, таластық Айсұлу Жүнісбек жүлделі бірінші орынға лайық деп танылды.

Екінші орындар Әлихан Башар, Наргиза Жайлыш, Алина Айдаралыға берілсе, Сәбит Ысқақов, Інжу Жаңабай, Аружан Даярбек үшінші орын алып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Енді Санжар Даярбек пен Айсұлу Жүнісбек биылғы ақпан айының 25-і күні онлайн өтетін республикалық «Жыр алыбы – Жамбылым» айтысына қашықтан қатысып, облыс намысын қорғайтын болады. Жеңімпаздарды құттықтап, Санжар мен Айсұлуға сәттілік тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий