Білім мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектепте оқытуды ұйымдастырудың мәні

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Төлеген Өмірбек Шаймұратұлының 60 жасқа толуына орай «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектепте оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Дүйсенованың қатысуымен Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен облыстық онлайн семинар-практикумы өткізілді. Семинар-практикумның мақсаты: Қазіргі таңда отандық білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру, оқушылардың даму ерекшеліктері мен деңгейлерін жан-жақты ескере отырып, олардың өздігінен білім алу, өз-өзін ұйымдастыру және мүмкіндіктерін таныта білу қабілеттерін қалыптастыру – шағын жинақты мектептің басты міндеттерін анықтап талқылау.

Оған қоса, шағын жинақты мектеп ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты тиімді ұйымдастыру үшін жаңа технологиялардың тиімділігін анықтау. Пленарлық мәжіліске Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының шағын жинақты мектептерді дамыту орталығының өкілі, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, облыстық шағын жинақты және тірек мектептер, тірек мектептердің директорлары қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий