Ақмолалық алпыстан астам оқушы республикалық олимпиадаға қатысты

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жалпы білім беретін мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында 2021 жылғы 18-19 ақпан аралығында онлайн режимде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олимпиада еліміздегі дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсетуіне ықпал етеді. Олимпиадаға қатысушылар екі айналымдық кезеңде бақтарын сынаған болатын. Бірінші айналым – жазбаша – эссе. Қ.О. Бітібаеваның өмірбаяны, оның ғылыми мұрасы және публицистикалық еңбектеріне арналады. Екінші айналым – тест тапсырмалары – қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша.

Байқауға облыс бойынша 16 ауданнан, Көкшетау, Степногорск қалалары мен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаттарынан барлығы 61 оқушы қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздардың I, II, III орындары анықталып, қатысушылар грамоталармен марапатталды. Конкурс барысында Бурабай, Егіндікөл, Жарқайың аудандарының, Көкшетау қаласының намысын қорғаған үміткерлер жақсы нәтиже көрсетті. Сөзге қоса, байқау облыстық білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» ұйымдастыруымен өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий