Шымкент – НЗМ: Оқушылар танымал әншімен кездесті

Биыл ақпан айында Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылғанына сегіз жыл. Мерейтойға ұйымдастырылған «Шексіз үміттер мектебі» апталығы аясында жиырмаға жуық онлайн іс-шаралар легі өтіп жатыр, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Мерекелік концерттен бастау алған апталық барысында түрлі шығармашылық байқаулар, вебинарлар, шеберлік сыныптар өткізілуде. Соның ішінде NIS мектептерінің дәстүрлі жобалары мерекелік форматта айрықша аталып жатқанын айту керек. Айталық, «Даналық бейсенбі» аясындағы кездесудің қонағы ретінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев шақырылды. Кездесуді жатақхана меңгерушісі Камила Жунусова жетекшілігіндегі ұжым Дариға Исаева мен Меруерт Нұрмаханбетовалар ұйымдастырды.

Сәкен Майғазиев – еліміздегі аса танымал әншілірдің бірі. Оның солист ретіндегі де, топ құрамындағы әнші ретіндегі де репертуарындағы әндердің асқан байыппен таңдалатыны, тыңдарман қауымның үлкен-кішісін де баурап алатыны шүбәсіз. Қонағымыз өзінің балалық шағы, пір тұтатұғын тұлғалары, әке тәрбиесі жөнінде ой бөлісіп, ән қоржыныдағы кей әндердің тарихына тоқталды. Атап айтқанда, «Үшқоңыр» – «Муз-Арт» тобының қоржынындағы бесінші ән екендігін біліп пе едіңіз?

Ұнатқан, не терең ой қалдырған кітапты қалың көпшілікке таныстыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «RЕADx» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл жобаны негізге алып отырып, Сәкен Қордабайұлынан өзінің сүйікті кітаптарымен бөлісуді сұраған болатынбыз: – Қазақ халқының өткенін де, болашағын да, осы шағын да мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолынан» көрем. «Абай жолы» қазақ халқына емес, әлем халықтарына арналып жазылғандай көрінеді.

Өкінішке қарай, Әуезовтың шығармасын, жалпы қазақ әдебиетін әлем қазақ тілінде түсінгеніндей оқи алмайтынына жаным ашиды. Әнші суреткерлігін, бейнелеу тілін ұнататұғын жазушыларды да атап өтті: Мұхтар Мағауин, Бексұлтан Нұржекеев, Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек. Бұған қоса, кездесу барысында қонағымыз өзгелер біле бермейтін қырларың жазып, сол төңіректе басынан өткен оқиғалармен бөлісіп отырды. Қызықты да, тартымды кездесудің соңында Сәкен Майғазиев ұстаздарға, оқушыларға, ата-аналарға деген ақ тілегін білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий