24 балабақшада асық теңдесіз тәрбие құралына айналды

Бүгінгі таңда аймақтағы 24 мектепке дейінгі ұйымда асық терапиясын қолданылады. Асық терапиясы Ф.Фребель, М.Монтессори технологиялары негізінде жүзеге асырылады. Асық ойыны тәрбіенушілердің бойына ұлттық салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды сіңіре отырып, ептілікке, мергендікке, шапшандыққа, сергетікке баулиды. Асық ойыны-өзінің түрлеріне қарай баланың күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшандығын, ептілігі мен қырағылығын жетілдіретіндігімен де құнды, – деп хабарлайды Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Асықты пайдалана отырып санау, құрастыру, асық үстінен жүру, математикалық логикалық тапсырмаларды шешуге зор ықпал етеді. Облыста асық терапиясы 2017 жылдан бері кеңінен пайдаланып келеді. Асыққа негізделген қырықтан астам ойын түрі бар. Педагогтардың ықпалымен отызға жуық көрнекілік құрал жасақталған. Онымен балалардың есеп шығаруға, түстерді тануға, музыкалық қабілетті оятуға және логикалық сұрақтарға жауап беруге арналған.

Спорттық жаттығу залында асықтан арнайы жол төселген. Асықпен жалаң аяқ жүру табандағы нүктелерге жетіп, ұйқыдан енді оянған баланың жүйкесіне жағымда әсер етеді. Бастысы дәлдікке, төзімділікке және ұстамдылыққа үйретеді. Асық жинауға ата-аналар мен педагогтар ат салысқан. Жаңартылған тәрбие әдісіне алдымен ата-аналар риза. Басты мақсат асықты ұлттық брендке айналдыру.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий