БҚО: “Әбіш оқулары” қорытындыланды

Аймақтағы салалық басқарманың қолдауымен «Дарын» қосымша білім орталығында  Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Әбіш Кекілбаевтың мол мұрасын насихаттау мақсатында облыстық “Әбіш оқулары” қашықтан ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл байқауға аудан, қала және облыстық мектептерден жалпы 111 саны оқушы қатысты. Әбіш оқуларының негізгі мақсаттары мен міндеттері: мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау; олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыруға бағытталған. 

Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған облыстық Әбіш оқулары төрт бөлімге негізделген болатын. Алғашқы кезең – «Үй тапсырмасы». Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер байқауы. Екінші – “Ә.Кекілбаев шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу» байқауы – қатысушы өзі таңдаған шығармасын мәнерлеп оқиды.

Үшінші бөлім – шығармашылық жұмыс, яғни Ә.Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы. Төртінші сынақ – «Сахналық қойылым». Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым байқауы. Құрметті Әбіш оқуларының жеңімпаздары мен жүлдергерлері! Марапаттарыңыз құтты болсын. Талаптарыңызға нұр жаусын!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий