Жыл студенті – 2020: Әсия Абайқызы үздіктер қатарында

Нұр-Сұлтан қаласында «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жыл студенті – 2020» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты «Қазақстан 2020: Болашаққа жол».  Бұл байқауға біздің еліміздің әр қалаларынан төрт жүзден астам өтінім жиналды.  Олардың ішінен ең үздік 150 авторлық жұмыс таңдалды. 

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің АЖ-19-6 (Ақпараттық жүйелер) тобының студенті Тлеуова Әсия да бұл білім бәсекесіне белсене қатысқан болатын. Сынақтардың нәтижесінде ол бірінші дәрежелі Дипломның лауреаты атанып, 2020 жыл бойынша «Жыл студенті» мәртебесін иеленді. Бұл байқаудың мақсаты – үздік студенттердің инновациялық әлеуетін арттыру, жас ғалымдардың зерттеушілік қабілетін дамыта отырып, тәжірибе алмасу. Тәуелсіз қазақ еліне деген құрметті күшейту, патриоттық сезімін арттыру.

Әсия Абайкызы Шымкент қаласының тұрғыны, қазіргі таңда уақытта «Ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік» кафедрасының ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша алғашқы курста білім алуда. Жоғары оқу орнының студенттерін осындай түрлі байқауларда бақтарын сынау арқылы білімі мен білігі арқылы еліміздің мақтанышы болуға шақырамыз!

Асел МУКАШЕВА,
Ph.D, “Ақпараттық жүйелер және
киберқауіпсіздік” кафедрасының меңгерушісі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий