Қызықты грамматика курсын оқытудың тәсілдері

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы бағдарламалық мәні бар ауқымды мақаласында блімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу қажеттілігі айрықша атап айтылған. Дегенмен, білімінің салтанат құруы зерделі жас буыннан бастау алады. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында: – Білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық гуманитарлық бағытта тереңдетіле білім беруді қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында факультативтің сабақтарда қызықты грамматика, қызықты математика және басқа да көптеген  факультатив сабақтар оқытылатындығы жазылған. 

Осы орайда «Қызықты грамматика» факультативтік курсында қызықты тақырыптар өскелең  ұрпақтың  жаңартылған бағдарлама аясында оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым  дағдыларын жетілдіруге зор септігін тигізеді. Cын тұрғысынан ойлауға үйрету, талантты және дарынды балаларды дамытады.  Оқушылардың қажеттілігін түсінуге қатысты әңгіме –дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме түрінде өткізу кезінде бір-бірімен ой бөлісіп, ұсынылған идеяларды тыңдайды. Топпен жұмыс кезінде педагогтың  түрті болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау сұрақтарына жауап беруге үйренеді.

Оқушылардың әңгімеге қатысу белсенділігі олардың сөз саптауы, тақырып мазмұнын дұрыс аша білуі, жүйелі әңгімелеуі болып табылады. “Қызықты грамматика»  күнтізбелік жоспары: тіл  білімінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис  төрт  саласын қамтиды. Жас ұрпақтың мектеп қабырғасында білім алуы педагогтық  бағдарымен, ойын түрлерімен ұсынылады, әр педагог  өзінше түрлендіре алады. Әдістер мен тәсілдер, ойындар арқылы фонетикалық, орфографиялық, грамматикалық, лексикалық дағыларын қалыптастырады.

Бүгінде сөйлеу мәдениетіне, мәтіндер, өлеңдер құрастырып, мақалды орынды қолдану өзекті. Халық ауыз әдебиетінің бір түрі шешендік сөздер – ұшқыр ой, тілге оралымдылығы, дау-дамайды мәдениетті шешуде тәрбиелік мәні өте зор. Осы курста  оқушыларға жедел оқуға  әдістері де қарастырылған. Қызықты тақырыптар  орындауға оқушылардың белсенділігі  артады. Қазақ тілі сабағынан емле ережелерін түсінуге қызықты тақырыптық материалдарға негізделген.

Толкын Токеновна ЖАГЫПАРОВА,
№ 65 мектеп-гимназиясының бастауыш
сынып мұғалімі, педагогика ғылымының
магистрі, Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий