Таразда танымал түлектер бас қосады

Біздің аймақта республика бойынша алғаш рет «Жомарт түлек – 2021» жобасы қолға алынды. Жоба аясында ақпан айының 25-і күні Тараз қаласында осы өңірден шыққан елімізге танымал, табысты түлектер кездесуі ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мақсат – туған жеріне танымал, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау. Кездесуде сан салада ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал түлектер жас буынмен жүздесіп, өз кәсіптерінің қыр-сырымен, жетістікке жету жолымен бөліседі. Дәстүрлі және онлайн режимде өтетін жиынның негізгі өзегі өңіріміздің тәуелсіздіктің отыз жылында жеткен жетістіктерін кеңінен паш ету, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий